«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.02.2022

Екпе ал да, шипажайда демал!

Петропавлдағы медициналық мекемелерде “Денің сау бол­сын десең, екпе ал!” атты акция өтуде. Оған вакцинаның бірін­ші компонетін салдырған кез келген тұрғын қатысып, шипа­жайға жолдама және тісті емдетуге сертификаттар ұта алады.

Тақырға отырғызып кетті

Облыс аумағында былтыр 782 интернет алаяқтық тіркелсе, биыл қылмыстың осы түріне қа­тысты тұрғындардан 54 шағым түсті. Желтоқсан айының соңын­да Петропавл қаласының тұрғы­ны полицияға шағымданып, бел­гі­сіз біреу оның атына 2 млн. теңге несие рәсімдегенін айтқан. Теле­фонмен сөйлескен кезде алаяқ оған өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, біреулердің несие алуға тырысып жатқанын, бұған жол бермеу үшін телефонға “Ани­деск” …

Тақырға отырғызып кетті Read More »

ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУ

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық поли­ция бөлімінің қызметкерлері Приволь­ное ауылында тіркелмеген тегіс ұңғылы “ИЖ” маркалы 12 калибрлі мыл­тықты тәркіледі. 35 жастағы ауыл тұр­ғыны бұл қауіпті қаруды күзде Есіл өзе­нінің маңында тауып алғанын мәлімдеді. Алайда ол тауып алған “олжасын” ішкі істер органдарына тапсыруға асықпаған. Мылтықты полиция қыз­мет­керлері сараптамаға жіберді. Ауыл тұрғынына қатысты …

ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУ Read More »

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КӨМЕККЕ АСЫҚ

Түн ішінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел ке­зек­ші бөліміне Аққайың ауданындағы Рублевка селосының маңындағы автожо­­лында “VOLVO” жүк көлігі бұзылып қалғаны туралы телефон қоңырауы түс­ті.

ҚЫЗЫЛЖАР – ҚЫСҚЫ СПОРТТЫҢ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛМАҚ

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев келді. Ол аудандардағы дене шынықтыру және сауықтыру нысандарын аралап көріп, өңір спортшыларының ірі додаларға дайындық деңгейімен танысты. Сапарының соңында облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовпен бірге солтүстікте спорт саласының дамуы талқыланған жиынға қатысты.

Инновация – ілгерілеу кепілі

Мұндай ахуал негізгі, қарапайым білімнің өзін меңгере алмаған оқушылардың саны артуына әкеп соқты. Тағы бір проблема, нағыз қиындық осы деуге болады, балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Өйткені білім алуды қажет деп санамайтын болды. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті.

Жазылмайтын жара

Күні кешегі кеңес дәуірінің кереғар саясатының салдарынан тарих бетінде өзінің қаралы ізін қалдырған ауған соғысының аяқталғанына биыл отыз үш жыл толды. “Интернационалдық борышын өтеу керек” деген үкіметтің жалған ұраны еліміздегі енді ғана 18-ге толған бозбалаларды жат жерге алып барды. Жас сарбаздар атақдаңқ үшін емес, тыныштықты қорғаймыз, соғыс өртін өшіреміз деп қанды қырғынның ортасынан табылған еді. …

Жазылмайтын жара Read More »

Вакцина жеткілікті

Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 41413 адам жұқтырды. Соңғы екі аптада ауырғандардың саны 1,5 есе артқан. Вирус облыс орталығы мен барлық аудандарда анықталуда. Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

АЛҒАШҚЫ ОЛИМПИАДАСЫ

Солтүстікқазақстандық Иван Аржаников Бейжіңдегі Олимпиадада конькимен сыр­ға­нау спорты бойынша ерлер арасында бақ сынады.

ЖЕКЕ БАҚЫЛАУЫНА АЛДЫ

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов карантин шараларын ескере отырып, облыс тұрғындарын жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады. Қашықтан өткен кездесуде тұрғындар түрлі мәселелер көтерді. Жеке кәсіпкер Айдар Қасенов 2012 жылдан бері Қазақстанның түрлі қалаларында көгалдандыру ісімен айналысады екен. Өткен жылы үш мыңнан аса ағаш көшетін отырғызыпты. Облыс әкімінің көмегіне жүгіну себебі – ағаш отырғызу ісін механикаландыру және …

ЖЕКЕ БАҚЫЛАУЫНА АЛДЫ Read More »

Автобиографиялық әңгіме

Мен ескіше жыл басы деп есептелетін “Наурыз күні” киіз үйде туыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің бірсыпырасы XX ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткізеді екен.

МАРАЛДЫ МЕКЕН

Есіл ауданына қарасты “Красный бор” жануарларды қорғау аймағындағы маралдардың саны кейінгі кездері көбейіп келеді. 40 жыл бұрын әкелінген 20 лақ бүгінде үйір-үйір кермаралға айналған. Қазір қорық аумағындағы даланың маңғаз жануарының саны 1500-ге жуықтаған.

Мүгедек балғындар қолдауға зәру

Қызым Айша 2 жас 8 айдан асты. Бал тілін қызықтайтын сәті еді ғой, алайда жанымды мұңға бөлеп, кеу­демді ащы өксік қысады. Туа салы­сымен миына қан құйылып, бірне­ше ағзасы қатты зақымданды. Дәрі­герлер гидроцефалия деген диаг­ноз қойды. Басқа да кеселдері бар. Көзіне зақым келген. Қызымды емдет­пеген жерім жоқ. Шетелге де бірнеше рет апардық. Варшава­дағы клиникаға қаратқаннан кейін …

Мүгедек балғындар қолдауға зәру Read More »

МЕН БІЛЕТІН АШАРШЫЛЫҚ

Қазақ халқының тарихында қайғылы оқиғалар аз болмаған. Ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен жерімізді қорғау жолындағы қанды шайқастары, өткен ғасырдың басындағы күштеп ұжымдастыру, мал-мүлікті тәркілеу, “халық жауы” деп жала жауып, азаматтарды қуғын-сүргінге ұшырату – қаншама қандастарымыздың шейіт болып кетуіне, көпшілігінің шетелге қашып, тарыша шашылуына әкеліп соққаны белгілі. Соның ішінде қатарымызды селдіретіп кеткен ашаршылық жылдарының салған жарасы …

МЕН БІЛЕТІН АШАРШЫЛЫҚ Read More »

ҚОР ҚОЛДАУҒА ӘЗІР

Қазақстанда шағын және орта биз­несті дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. “Бизнестің жол картасы – 2025” мемлекеттік бағ­дарламасының операторы ретінде “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры таңдалып алынғаны белгілі. Қордың негізгі қызметі – кәсіпкерлердің алған несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және жеңілдікпен кепілдіктер ұсыну.

ЕЛЕУСІЗ ҚАЛҒАН ЕРЛЕР, ИЕСІЗ ТҰРҒАН ҮЙЛЕР шешімін табуы тиіс түйткілдер көп

Архангельск – Қызылжар ауданындағы ірі ауылдық округтердің бірі. Оның құрамына енетін Новокаменка және Архангельск елді мекендері облыс орталығына жақын орналасқандықтан және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары басып өтетіндіктен, тұрғындардың бақуатты өмір сүруіне де, төрт түлік өсіруге де өте қолайлы. Өкінішке қарай, ауылдықтар бұл мүмкіндікті пайдалана алмай тұр. Оның мән-жайына округ әкімі Ирина Рыбакованың есеп беру …

ЕЛЕУСІЗ ҚАЛҒАН ЕРЛЕР, ИЕСІЗ ТҰРҒАН ҮЙЛЕР шешімін табуы тиіс түйткілдер көп Read More »

Қар тоқтату – мол астық кепілі

Өңірде биыл ылғалдың аздығынан алқаптарда қар тоқтату жұмыстары қарқын алды. Диқандардың айтуын­ша, бұл агротехникалық шара өнім мөлшерін кемінде 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді екен.

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРҒА 300 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АҚША ТӨЛЕМЕГЕН

Былтыр тиімсіз бағыттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушылар қала әкімдігінен тиісті субсидияны ала алмағандықтан Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік палатасына шағымданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ЗЕЙНЕТ АЛДЫНДА ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ұлттық жоба бойынша субсидияланған жұмыс орындары құрылады. «Күміс жас» жобасы аға буынға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.