«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КӨМЕККЕ АСЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түн ішінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел ке­зек­ші бөліміне Аққайың ауданындағы Рублевка селосының маңындағы автожо­­лында “VOLVO” жүк көлігі бұзылып қалғаны туралы телефон қоңырауы түс­ті.

Оқиға орнына жедел жеткен Ақ­қайың аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау офицерле­рі қатты аяз салдарынан Нұр-Сұлтан – Петро­павл автожолының 416-шы ша­қыры­мын­да жүк көлігінің дизель отыны қа­тып қалғанын анықтады.

55 жастағы жүргізуші Қарағанды – Қорған ба­ғыты бойынша кетіп бара жатқан. Құт­қару жұмыстары қатты жел мен аяз салда­ры­нан күрделене түсті. Ширақ қимыл­да­ған құтқарушылар ди­зель отынын жы­лыту үшін жылу жылжымалы генераторды пайдаланды. Жол мұраты – жету. Жүк көлігі оталған соң сапарын жалғастырды.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp