«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Вакцина жеткілікті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 41413 адам жұқтырды. Соңғы екі аптада ауырғандардың саны 1,5 есе артқан. Вирус облыс орталығы мен барлық аудандарда анықталуда. Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

“Омикрон” штамының келуімен эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Оның үстіне жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмау да өрши түскен. Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері 24551 адам жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырған, өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда ауру көрсеткіші 45 пайызға өсті. Облыста үстіміздегі жылы тұмаудың 35 жағдайы тіркелген, барлығы А типті вирус жұқтырған.

Мониторингтік топтар 31 рейд жүргізіп, 188 нысанды аралаған. 2 кәсіпкерге 398190 теңге сомасында, ал “Ashyq” жобасын елемегендерге 1,9 млн. теңгеден астам сомаға 24 айып-пұл салынды.

– Қазір кәсіпкерлік субъектілері үшін де, облыс тұрғындары үшін де барлық талаптарды сақтау маңызды. Объектілерге барған кезде “Ashyq” қосымшасын пайдаланыңыздар. Егер коронавирустық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болса, үйде болыңыз немесе медициналық көмекке жүгініңіз. Егер ауру жұқтырсаңыз немесе науқаспен байланыста болсаңыз, 10 күндік үй карантинін сақтауыңыз керек. Өзіңізді ғана емес, басқалардың денсаулығын да ойлану қажет, – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Баязитовтың айтуынша, қазіргі уақытта облысымызда “Vero Cello” вакцинасының – 64989, “QazVac”-тың – 11869, “Коронавак”-тың – 242, “Sinopharm (Hayat)”-ның – 206, “Спутник V”-дің екі компонентінің – 8625, “Pfizer”-дің – 51552 және “Спутник Lite”-тың – 338 дозасы бар.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp