«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тақырға отырғызып кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында былтыр 782 интернет алаяқтық тіркелсе, биыл қылмыстың осы түріне қа­тысты тұрғындардан 54 шағым түсті. Желтоқсан айының соңын­да Петропавл қаласының тұрғы­ны полицияға шағымданып, бел­гі­сіз біреу оның атына 2 млн. теңге несие рәсімдегенін айтқан. Теле­фонмен сөйлескен кезде алаяқ оған өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, біреулердің несие алуға тырысып жатқанын, бұған жол бермеу үшін телефонға “Ани­деск” деп аталатын арнайы бағ­дар­ламаны жүктеу керектігін айт­қан. Жәбірленуші нұсқауларды орындап, бағдарламаны жүктеп, барлық сұраған ақпаратты белгі­сіз адамға телефон арқылы ха­бар­лаған. Осыдан кейін алаяқ өз құрбанының банктік шоттарына қашықтан қол жеткізіп, біраздан кейін атына 2 млн. теңге несие ресімдеген.

Тағы бір қалалық өзінің атына несие ресімделгенін сот орындау­шылары хабарласқанда ғана біл­ген. Петропавл қаласы тұрғыны­ның айтуынша, ол ешкімге жеке деректерін бермеген және несие алмаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орта­лығының 34 жастағы тұрғыны анықталды. Ол жауап алу бары­сында кінәсін мойындады. Ер адам ауруханалардың бірінің жа­нынан өтіп бара жатып, бір әйелдің жеке деректері бар медици­налық анықтамасын тауып алған. Ақша керек болғандықтан интер­нет арқылы әйелдің атына он­лайн несие ресімдемек болады. Бірне­ше әрекеттен кейін ұйымдардың біреуі оған несие берген.

Банк қызметкерлерінің жалған қоңыраулары, танымал жарнама сайттарында тауарларға тапсы­рыс беру және аз ақша салу ар­қылы мол қаражат алу – бүгіндері облысымызда интернет-алаяқ­тықтың ең көп таралған түрлері. Интернет алаяқтар жақсы дайын­дықтан өткен, адам психоло­гиясын біледі, сөз арасында банк терминдерін қолданады, әңгіме барысын алдын ала жоспарлай­ды. Сондықтан белгісіз біреу қо­ңы­рау шалған жағдайда бірден телефон тұтқасын қойған жөн. Интернет арқылы тауар алғанда та­нымал сайттарды таңдаған аб­зал. Тағы бір ескеретін жайт, бан­коматтан ақша алғаннан кейін не­месе төлем терминалдары арқы­лы операция жүргізген соң түбір­тектерді қалдырмау керек. Өйтке­ні көбіне чектерде азаматтардың ұялы телефон нөмірі, ЖСН нөмір­лері болуы мүмкін.

Марат ЖҰМАЛИЕВ,

облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp