«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық поли­ция бөлімінің қызметкерлері Приволь­ное ауылында тіркелмеген тегіс ұңғылы “ИЖ” маркалы 12 калибрлі мыл­тықты тәркіледі. 35 жастағы ауыл тұр­ғыны бұл қауіпті қаруды күзде Есіл өзе­нінің маңында тауып алғанын мәлімдеді. Алайда ол тауып алған “олжасын” ішкі істер органдарына тапсыруға асықпаған. Мылтықты полиция қыз­мет­керлері сараптамаға жіберді. Ауыл тұрғынына қатысты материал жинақталып, сотқа жөнелтілді.

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер 695 қару иесін тексерді. Сақтау тәртібін бұзғаны үшін 28 хаттама толтырылды, заңсыз сақталған 12 қару тәркіленді.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp