“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Привольное ауылында тіркелмеген тегіс ұңғылы “ИЖ” маркалы 12 калибрлі мылтықты тәркіледі. 35 жастағы ауыл тұрғыны бұл қауіпті қаруды күзде Есіл өзенінің маңында тауып алғанын мәлімдеді. Алайда ол тауып алған “олжасын” ішкі істер органдарына тапсыруға асықпаған. Мылтықты полиция қызметкерлері сараптамаға жіберді. Ауыл тұрғынына қатысты материал жинақталып, сотқа жөнелтілді.
Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер 695 қару иесін тексерді. Сақтау тәртібін бұзғаны үшін 28 хаттама толтырылды, заңсыз сақталған 12 қару тәркіленді.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.