«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОР ҚОЛДАУҒА ӘЗІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда шағын және орта биз­несті дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. “Бизнестің жол картасы – 2025” мемлекеттік бағ­дарламасының операторы ретінде “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры таңдалып алынғаны белгілі. Қордың негізгі қызметі – кәсіпкерлердің алған несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және жеңілдікпен кепілдіктер ұсыну.

Осы бағыттар бойынша былтыр 34,7 млрд. теңгенің 658 шартына қол қойылып, 2,37 млрд. теңге төленді. Суб­сидияланатын жобалардың ішін­де көлік және қоймалаудың үлесі – 20 пайыз, бөлшек сауда – 35, өңдеу өнер­кәсібі 12 пайызды құрады. Пет­ропавл қаласы бойынша 21511,31 млн. теңгенің 528 жобасына қолдау көр­сетілді. Көрсеткіштер Қызылжар, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­дарда да жақсы.

Кәсіпкерлерге банктен несие ре­сім­деу кезінде кепілзат жеткіліксіз бол­ған жағдайда қор өз тарапынан жеңілдіктер ұсына алады. Мәселен, ісін жаңадан бастаған адамдар үшін – 85, жұмыс істеп тұрған кәсіпкер­лерге 50 пайызға дейін кепілдік бері­леді. 2021 жылы 14,7 млрд. теңгенің 555 жобасына қолдау көрсетілді. Бірінші бағыт бойынша 396 кепілдік бе­ру шартына қол қойылды, несие мөлшері – 2507,43 млн. теңге. Екінші бағыт бойынша 159 кепілдік беру шартына қол қойылып, кәсіпкерлер 12 255,91 млн. теңге алды. Пет­ропавл қаласы бойынша 10015,96 млн.теңгенің 461 жобасы мақұл­данды.

2019 жылдан басталған “Қара­па­йым заттар экономикасы” бағдар­ла­ма­сы бойынша жобаларға несие бе­руді бастадық. Мәселен, былтыр не­гізінен агроөнеркәсіп кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібіне қолдау көрсетілді. Нақтырақ 13675,14 млн. тең­генің 16 келісімшартына қол қо­йыл­ды. Соның ішінде өңдеу өнеркәсі­бінде – 15, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында 1 жоба қолдау тапты.

Өткен жылдың қорытындысы бо­йынша кепілдік беру көрсеткішінің өсімі өткен жылға қарағанда 2,5 еседен асты. Яғни 2020 жылы – 219 жо­ба қолдау тапса, былтыр 154 па­йызды құрады. Екінші деңгейдегі банк­терді саралайтын болсақ, “Сбер­банк” ең көп, яғни 174 жобаға қар­жылай қолдау көрсетсе, “Халық банк” пен “Центр кредит банк”-ке 135 кә­сіпкер жүгінген.

Шағын және орта бизнес үшін мем­лекеттік қолдау шараларын автомат­тандыру оны барынша қолжетімді, ыңғайлы әрі жылдам ете түсті. Қыз­меттерді цифрландыру бойынша жұ­мыс 2016 жылы басталған, ал 2020 жылы пандемия кезінде “Даму” қоры­на онлайн жүгіну мүмкіндігі жасалып, кәсіпкерлер үшін өзінің тиімділігі мен ыңғайлылығын көрсетті. “E-gov.kz” “электрондық үкімет” порталы арқы­лы қолдау бағдарламаларына қаты­суға өтінім беру мүмкіндігі пайда бол­ды. Жеке платформа іске қосылып, кәсіпкер “Online.Damu.kz” сайтында ЭЦҚ-мен қол қою арқылы субсидия­лауға және кепілдендіруге өтінім бере алады.

Айрықша атап өтетін бір жайт, электрондық үкімет порталы арқылы бағдарламаға қатысушылардың са­ны артты. Мәселен, 2019 жылы он­лайн өтінімдердің жалпы саны 22 пайыз болса, 2020 жылы 66 пайызды құрады. Өтініш беру схемасы өте қарапайым. Алдымен кәсіпкер екінші деңгейлі банкке бизнес-жобасымен жүгінеді. Банк жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізгеннен кейін, оң шешім шығар­ған жағдайда кәсіпкер оны “Даму” қорының өңірлік филиалына алып келеді. Не болмаса, жоғарыда айтыл­ғандай, портал арқылы бағдарламаға қатысу үшін өтінім береді.

Бүгінгі таңда қор банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және лизингтік компаниялармен бірлесіп, кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бойын­ша жұмысты іске асырылатын қор­ландыру бағдарламалары арқылы жүр­гізеді. “Даму” қорының бағдарла­малары жергілікті өнім көлемін ұлғай­та отырып, отандық өндірісті дамы­туды ынталандырып қана қоймай, жаңа кәсіпорындар құру есебінен жұмыс орындарының ашылуына үлес қосатынын да айта кеткен жөн. Бұл жұмыстар биыл да жалғасуда.

Мереке СЫЗДЫҚОВ,

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp