Түн ішінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекші бөліміне Аққайың ауданындағы Рублевка селосының маңындағы автожолында “VOLVO” жүк көлігі бұзылып қалғаны туралы телефон қоңырауы түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен Аққайың аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау офицерлері қатты аяз салдарынан Нұр-Сұлтан – Петропавл автожолының 416-шы шақырымында жүк көлігінің дизель отыны қатып қалғанын анықтады.
55 жастағы жүргізуші Қарағанды – Қорған бағыты бойынша кетіп бара жатқан. Құтқару жұмыстары қатты жел мен аяз салдарынан күрделене түсті. Ширақ қимылдаған құтқарушылар дизель отынын жылыту үшін жылу жылжымалы генераторды пайдаланды. Жол мұраты – жету. Жүк көлігі оталған соң сапарын жалғастырды.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.