«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

36 млн теңге шамасында берешек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру бойынша кезекті өңірлік штаб өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы директоры Лариса Гордееваның айтуынша, өңірде 564 706 тұрғын болса, МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар адамдардың саны 438 899 адамды немесе 77,7 %-ды құрайды. Ал халықтың 50 %-ы – 281 660 адам жарна төлеуден босатылғандар, олар 15 жеңілдік санатына кіріп, олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын мемлекет төлейді.

Еңбекке қабілетті 125 807 адам медициналық сақтандырылмаған. Олардың 86 мыңынан былтыр қорға бір тиын да төлем түспеген.

«Сақтандырылмаған азаматтар жоспарлы, стационарлық көмек, сондай-ақ емханаларда консультациялық-диагностикалық көмек ала алмайды, КТ, МРТ, УДЗ және басқа қымбат тұратын зерттеулерден өтіп, талдаулар тапсыра алмайды, қалпына келтіру оңалтудан өте алмайды», – дейді Лариса Гордеева.

СҚО бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің деректері бойынша, МӘМС қорына өңір бойынша берешек – 36,4 млн теңге, оның 34,4 млн теңгесі 433 заңды тұлғаның, 2 млн теңгесі 700 жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қарызы.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp