Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 143 адамда коронавирус анықталып, бір адам дерттен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпан күні облыста 961 адам ПТР-тест тапсырып, соның 143-інде нәтиже оң болды. Қауіпті вирусты жұқтырғандар саны азайып келеді. Осыдан шамамен екі апта бұрын күнделікті сырқаттанғандар 400-дің үстіне шыққан еді. Мамандар аурушаңдықты «омикрон» штамының таралуымен түсіндірді.
Қазіргі уақытта өңірдің емдеу мекемелерінде 418 адам ем алып жатыр, стационарлар 28 %-ға жүктелген. Карантинде 33 адам, ал жансақтау бөлімшелерінде 23 сырқат бар. Жұқтыру көрсеткіші, әдеттегідей Петропавлда және Жамбыл, Қызылжар, М.Жұмабаев, Тайынша аудандарында жоғары.
Жалпы СҚО-да індет басталғалы 42 940 адам коронавирус жұқтырды, 40 251-і жазылып шықты. Өткен тәулікте бір адам қайтыс болып, өлім-жітім көрсеткіші 473-ке жетті.
https://www.inform.kz/