«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРҒА 300 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АҚША ТӨЛЕМЕГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Былтыр тиімсіз бағыттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушылар қала әкімдігінен тиісті субсидияны ала алмағандықтан Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік палатасына шағымданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«СҚО Автотранспорт одағы» қауымдастығының төрайымы Галина Семенованың айтуынша, 2020 жылғы 11 желтоқсанда областық мәслихаттың шешімімен әлеуметтік маңызды маршруттар бекітілген, олардың біразы Петропавл қаласында. Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, егер бекітілген тариф жолаушы тасымалына кеткен шығынды өтемейтін болса, атқарушы билік тасымалдаушыларға субсидия төлеуге міндетті. Бірақ, жергілікті әкімдіктің қазіргі берешегі 307,3 миллион теңге.

-Субсидияны уақытында алмауынан тасымалдаушылар лизингке алған автобустардың несиесін уақытында қайтара алмаған, соның кесірінен несие берушілер айыппұл салып жатыр. Бұған қоса жанармай қымбаттады. Электронды билеттеу жүйесі де қосымша қиындық тудырып отыр. Белгіленген тариф тасымалдаушылардың жанармай мен көлікті жөндеуге жұмсалатын қаражатын, жүргізушілерге төлейтін жалақысы мен басқа да шығындарын өтеуге жетпей отыр,- деді облыстық кәсіпкерлік палатасының төрағасы Әлібек Ашметов.

Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлік палатасы, тасымалдаушылар мен қалалық әкімдіктің өкілдері бірлесіп өзекті мәселелердің жол картасын әзірледі. Оның ішінде субсидия төлеу бойынша да сұрақтар енді. Ал, тасымаладушыларға демеуқаржының бір бөлігі 10 ақпан күні берілді. Сондай-ақ, жол картасы аясында кадр тапшылығын шешуге де баса назар аударылмақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp