«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 15, 2022

Петропавлда 5 мың пәтер орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған

Петропавлда 700-ге жуық пәтері бар 20 көп қабатты үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған. Бұдан басқа 4,5 мың пәтер түрлі себептермен газ желісінен ажыратылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда балаларға арналған шұғыл хирургия орталығы ашылды

Петропавлда балаларға арналған шұғыл хирургия орталығы ашылды. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жанынан ашылған бөлімше заманауи құрылғылармен жарақтандырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде баспананы жалға алу ақысын субсидиялау бағдарламасы 700 адамды қамтымақ

Солтүстік Қазақстан облысында пәтерді жалға алу ақысын субсидиялау бағдарламасына қатысатын адамдардың тізімі жасақталып жатыр. Шамамен 700-дей адам мемлекеттің көмегін алмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА МӘЖБҮР

Ақжар ауданындағы Кіші-Қараой мектебінің қабырғасы көгеріп, едені шіріп, опырылып жатыр. Тозығы жеткен оқу ұясында 72 бала білім алады. Сонымен қатар, шағын орталыққа 15 ұл-қыз барады. Апаттық жағдайда оқитын балалардың ата-аналары оқушылардың денсаулығына алаңдап, дабыл қағуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.