«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Петропавлда балаларға арналған шұғыл хирургия орталығы ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда балаларға арналған шұғыл хирургия орталығы ашылды. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жанынан ашылған бөлімше заманауи құрылғылармен жарақтандырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді балалар ауруханасында бүгін шұғыл хирургия орталығы ашылды. Халықаралық стандарттарға сай жабдықталған бөлімшелерде жылына 3 мыңға жуық ота жасалмақ.

Петропавлдағы балаларға арналған шұғыл хирургия орталығы «Сәби» қайырымдылық қорының қаражатына ашылған. Осы мақсатқа 335 млн теңге жұмсалды.

«Бұл орталықта бірегей оталарды жасауға мүмкіндік бар. Жаңа операциялық бөлмелер медициналық техниканың соңғы нұсқасы бойынша жабдықталды, онда оттегі ағыны, температура, ылғалдылық және тағы басқа көрсеткіштер реттеледі, ауруханаішілік инфекция мүмкіндігі барынша азаяды. Медициналық газдарды жеткізу, электр беру өте ыңғайлы тәсілдермен қамтамасыз етілген», – дейді орталықтың ашылу салтанатына арнайы келген қайырымдылық қорының директоры Әсел Тасмағамбетова.

СҚО-да 130 мыңнан астам кәмелет жасына толмаған тұрғын бар. Бұл жерде қала және облыс балаларына тиісті медициналық көмек көрсетілмек.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp