«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда 5 мың пәтер орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 700-ге жуық пәтері бар 20 көп қабатты үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған. Бұдан басқа 4,5 мың пәтер түрлі себептермен газ желісінен ажыратылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті отырысында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі қаралды. Биыл жыл басталғалы облыста 68 өрт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 %-ға аз. Қайтыс болғандар, жарақаттанғандар саны, келген материалдық шығын көлемі де айтарлықтай кеміген. Өрттің 73 %-ы тұрғын үй секторына тиесілі.

«Тұрғын үй секторында болатын өртті сөндіру кезінде өртке қарсы сумен қамту жүйесінің жеткілікті деңгейде болмауы жұмысты қиындатады. Мәселен 2020 жылы Тайынша ауданы Келлеровка елді мекенінде екі үйдегі өртті сөндіру барысында көліктерді қайта сумен толтыру үшін көрші Драгомировкаға бару керек болды. Екі елді мекеннің арасы 12 км. Салдарынан су толтырып келгенше дейін үй толық жанып кетті. Қазір облыста 4 402 өрт сөндіру гидранты бар. Оның 746-сы Петропавлда, 3 656-сы аудандарда орналасқан. Соның 803-і, яғни 19 %-ы істемейді. Тайынша ауданында 154-і, Қызылжарда 101-і, Айыртауда 100-і Аққайыңда 98-і және Петропавлда 89-ы істен шыққан», – дейді СҚО төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Рамиль Камалов.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмауы да өрт сөндірушілер үшін үлкен мәселе. Былтыр соның салдарынан 4 өрт тіркелді және тағы бір жағдайда газ баллоны жарылды. 4 адам жарақаттанып, бір адам мерт болды. Барлық жағдайда да газ қондырғыларын қолдануда тиісті талаптар сақталмаған.

«Горгаз-сервис» ЖШС берген мәліметке сүйенсек, облыс орталығында 682 пәтері бар 20 көп қабатты үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған. Бұдан басқа тағы 4 502 пәтер түрлі себептермен газдан ажыратылған. Яғни қазір бұл пәтерлерде газ баллонын немесе электр қондырғыларын қолданады. Ал бұл өрттің шығу немесе жарылыстың болуы себебін арттырады. Тұрғын үй инспекциясы әсіресе, Шухов, 38, Шухов, 30, Шухов, 32, Н. Назарбаев көшесі, 225, Горький көшесі, 172, Кеншінбаев көшесі, 16, Уәлиханов көшесі, 17, және 19 мекенжайларда орналасқан жатақханаларды назарда ұстаулары тиіс», – дейді департамент басшысы.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp