«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.02.2022

“СӘБИ” ҚОРЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ТАРТУЫ

Облыстық балалар ауруханасында жаңартылған балалар шұғыл хирургиясы бөлімшесі ашылды. “Сәби” қайырымдылық қорының қолдауымен 335 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп, ота жасайтын заманауи қондырғылар сатып алынды. Соңғы үлгіде жабдықталған жаңа бөлімшенің ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен “Сәби” қорының президенті Әсел Тасмағамбетова қатысты.

АУЫЛДЫ ҚИНАЙТЫНЫ — САПАСЫЗ АУЫЗСУ

“Nur Otan” партиясы жанындағы партиялық бақылау комитетінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Артур Платонов, облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта Шал ақын ауданының тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне арналған жиын өтті.

ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ?

Өңірде көп пәтерлі тұрғын үйлерді газдандыру мәселесі әлі де өзекті. Петропавл қаласында 682 пәтері бар 20 көпқабатты баспана орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған. Бұдан бөлек, түрлі себептермен 4,5 мың пәтер желіден ажыратылған. Амалсыздан үйлеріне газ баллондарын кіргізетін тұрғындар айналасындағыларға қауіп төндіретінін ескеруі керек. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында төтенше жағдайлар департаментінің бастығы …

ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ? Read More »

Күрделі ота — тың тәсіл

Облыстық кардиологиялық орталықта қазақстандық мамандар жүрек қақпақшасын импланттаудың жаңа тәсілін меңгерді. Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Өскемен, Семей, Орал қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысының кардиологтары шетелдік әріптестерінің шеберлік сағатына қатысты.

КЕЛІСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАС

Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы” За­ңы­­на сәйкес үшжылдық мерзімге сайланған қоғамдық кеңестер­дің өкі­леттік мерзімі аяқталып, аталмыш заңға енгізілген өз­герістер мен толықтырулар негізінде жаңа құрам жасақталды. Біз­дің облы­сы­мызда да облыстық мәслихаттың шешімімен 21 адам­нан тұра­тын қоғам белсенділерінің басын қосқан құрылым өз жұ­мысын бас­тап кетті. Біз бүгін жаңа құрамның алдында тұрған мін­дет­тер, жал­пы қоғамдық кеңестің қызметіне қойылатын …

КЕЛІСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАС Read More »

САЛҒЫРТТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ

Жылыту маусымы басталғалы өңірімізде 215 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 13 адам қаза болып, 5-уі әртүрлі деңгейде дене жарақатын алған. Жиырма үш адам газдан уланған. Ал өткен аптада облыс аумағында 8 өрт тіркеліп, бір адам қайтыс болды. Тілсіз жаудың салдарынан келген материалдық шығын 63 млн. теңгеден асады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары өткізген брифингте …

САЛҒЫРТТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ Read More »

Тарихтың қайғылы парағы

Мамлютка қаласындағы “Жастар” саябағында кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күніне арналған жастарға патриоттық тәрбие беретін шара өтті. Оған аудан басшылары, ауған соғысының ардагерлері және қала тұрғындары мен жастар қатысты.

ХАЛЫҚТЫҢ АЯУЛЫ ПЕРЗЕНТТЕРІ

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінде қазақ әдебиеті мен мәдение­ті­нің дамуына зор үлес қосқан біртуар тұлғалардың мерейтойына орай “Шоқтығы биік есімдер” атты көрме салтанатты түрде ашылды. Мереке­лік жиынды “Қуанамын” би студиясы­ның мың бұралған қыздары “Нәзік сезім” туындысымен ашты. Содан кейін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университет ректорының ке­ңесшісі, тарих ғылымдарының докто­ры, про­фес­сор Ақмарал Ибраева сөз сөйледі. “Биыл Алаш қайраткері, …

ХАЛЫҚТЫҢ АЯУЛЫ ПЕРЗЕНТТЕРІ Read More »

ӘЖЕДЕН ҚАЛҒАН АСПАЗДЫҚ ДӘСТҮР

Ақжар ауданының Ақжарқын орта мек­тебінде “Дәстүр мен ғұрып” арнайы жо­ба­сы аясында “Тату үйдің тамағы тәтті” байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара­ның басты мақсаты – әжелерімізден қал­ған аспаздық дәстүрді жаңғырта оты­рып, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құнды­лықтарын кеңінен насихаттау.

Балалар футболына қолдау қажет

Петропавлға танымал қазақстандық футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов келді. Олар Солтүстік Қазақстан об­лысы футбол федерациясының мүшелерімен және жат­тық­тырушылармен кездесу өткізді.

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ — НАРЫҚ СҰРАНЫСЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен өткіз­ген кеңес барысында елдегі білім жүйесін реформалау қажеттігін айтты. Алдағы уақытта арнаулы және жоғары оқу орындары техникалық мамандықтарға басымдық берулері қажет. Біздің елімізде экономист, заңгер, менеджер секілді мамандар көптеп даярланады. Енді олардың қатарын техниканың тілін жетік біле­тін жастар да толықтыра түспек. Қазақстанда техникалық ма­мандықтарды мең­геруге көмектесетін әлемдік университеттердің филиалдары …

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ — НАРЫҚ СҰРАНЫСЫ Read More »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МЫҚТАП ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

Солтүстіктің жауһары атанған Имантау-Шалқар курорттық аймағы Айыртау ауданында орналасқан. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының мәліметінше, осы өңірде соңғы кезде сұранысқа ие экологиялық туризмді дамыту қолға алынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.