«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

“СӘБИ” ҚОРЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ТАРТУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық балалар ауруханасында жаңартылған балалар шұғыл хирургиясы бөлімшесі ашылды. “Сәби” қайырымдылық қорының қолдауымен 335 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп, ота жасайтын заманауи қондырғылар сатып алынды. Соңғы үлгіде жабдықталған жаңа бөлімшенің ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен “Сәби” қорының президенті Әсел Тасмағамбетова қатысты.

Балалар ауруханасының ғимараты 1980 жылы салынған. Бұл облыстағы балаларға арналған жалғыз емдеу мекемесі болғандықтан мемлекет тарапынан қолдау зор. Соңғы екі жыл ішінде медициналық жабдықтар алуға 690 миллион теңге бағытталыпты. Ауруханаға рентген аппараты, эндоскопия және ЛОР хирургиясына арналған екі бейне стенд сатып алынбақшы. 134 миллион теңгеге жансақтау бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізіледі. Заманауи емхана 200 орынға шақталған. Мұнда балаларға қолайлы жағдайлар жасалған, операциялық блок заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Бұған дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген хирургия бөлімшесін жаңартуды ашылғанына биыл 20 жыл болған “Сәби” қайырымдылық қоры мойнына алды. Жалпы бұл қор еліміз бойынша төрт бірдей балалар медициналық бөлімшесінің жөндеу жұмыстарын қаржыландырған. Оған 1 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалған.

– Қор хирургиялық бөлімшелердің құрылысына демеушілік жасап қана қоймай, осы ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер үшін әлемдік жетекші хирургтерді шақырып, біліктілікті арттыру курстары мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырамыз. Қалалар мен ондағы емдеу мекемелері кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл ұйымдар сол өңірде он мыңдаған кішкентай пациенттерге қызмет көрсететін жалғыз мамандандырылған медициналық мекемелер болып табылады. Соңғы жылдары балаларға арналған шұғыл хирургия жобасына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Осы мақсатпен қор Алматы, Семей, Ақтау қалаларында да хирургия бөлімдерін жөндеді, – деді “Сәби” қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова.

Жыл сайын мұнда 3 мыңға жуық ота жасалмақ. Ота жасайтын және қа­былдау бөлмелері түгелдей жа­ңар­­ты­лып, ең қажетті заманауи қон­дыр­ғы­­лар орнатылды. Бөлмедегі ауа ағы­ны, температурасы, ылғалдылық өз­ді­­гінен реттеледі және түрлі ин­фек­цияны жоя алатын қондырғы да қо­йыл­ды. Бұл бөлімше Петропавл қа­ла­сы мен облыстың 130 мың кішкен­тай тұрғынына қызмет көрсететін болады.

– Бұған дейін де түрлі оталар жа­сап келдік. Жаңа қондырғылар жұмы­сымызды жеңілдете түспек. Шетелдік клиникалардағыдай жасанды оттегі беріліп, желдету жүйесі қойылды. Бұл – түрлі инфекцияның, отадан ке­йінгі асқынулардың алдын алуға сеп­ті­гін тигізеді, – деді травматолог-ор­то­пед дәрігер Асылхан Жағы­паров.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды балаларды қолдау жы­лы деп жариялағаны белгілі. Сон­дықтан бүгінде кішкентайларға білім алу­ға, спортпен шұғылдануға, соның ішінде сапалы ем-дом қабылдауға барлық жағдайлар жасалуда. Өңір басшысы облыс медицинасында алға басушылық бар екенін айтты.

– Қалада заманауи көпбейінді ау­рухана салынып жатыр. Бірнеше ем­хананың құрылысы басталды. Бүгін­де балалар ауруханасына жаңа қон­дырғылар сатып алу бойынша келіс­сөздер жүргізілуде. Екі аптадан соң компьютерлік томограф іске қосыла­ды. Қазір қондырғыны орнатудамыз. Жөндеу жұмыстарына да қаражат бө­лінді. Биыл емдеу мекемесінде 134 млн. теңгеге қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргіземіз, – деді Құмар Іргебайұлы.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суреттерді түсірген

Виталий ВЛАСЕНКО.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp