«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЖЕДЕН ҚАЛҒАН АСПАЗДЫҚ ДӘСТҮР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақжар ауданының Ақжарқын орта мек­тебінде “Дәстүр мен ғұрып” арнайы жо­ба­сы аясында “Тату үйдің тамағы тәтті” байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара­ның басты мақсаты – әжелерімізден қал­ған аспаздық дәстүрді жаңғырта оты­рып, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құнды­лықтарын кеңінен насихаттау.

Байқауға мектебіміздің оқушылары ғана емес, олардың ата-аналары да қы­зығушылық білдіріп, белсене қатысты. Мәселен, Үсеновтер отбасы бірлесе дайын­даған тағам қазылар алқасының шешімімен ең дәмді деп танылып, олар бас жүлдені иеленсе, қалған жүлделі орын­дарды Мәнкей, Сабиров, Бигожин отбасылары өзара бөлісті.

Байқау соңында барлық қатысушы­лар мен жеңімпаздар бағалы сыйлық­тарға ие болды. Белсенділік танытқан ата-аналар мен оқушыларға мектеп әкім­шілігі атынан алғыс айтылды.

Алмагүл МАНАП,

Ақжарқын орта мектебінің мұғалімі.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp