«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балалар футболына қолдау қажет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлға танымал қазақстандық футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов келді. Олар Солтүстік Қазақстан об­лысы футбол федерациясының мүшелерімен және жат­тық­тырушылармен кездесу өткізді.

Жиын барысында отандық фут­болдың қазіргі жай-күйі, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер фут­болы туралы егжей-тегжейлі әңгі­ме болды. Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының прези­денті лауазымына өз кандидату­расын ұсынғанын хабарлады. Ол фе­дерация бірінші кезекте өңір­лердегі балалар мен жасөспірім­дер футболына жағдай жасап, жат­тық­ты­рушылардың біліктілігін арт­тыру, қайта даярлауға, спорттық инфрақұрылымды дамытуға на­зар аударуы тиіс екенін айтты.

– Менің ойымша, Қазақстанның барлық өңірлерінде, бірінші кезек­те, отандық футболдың болашақ жұлдыздары – балалар мен жас­өспірімдерге арналып халықаралық стандарттарға сай келетін футбол алаңдары, стадиондар са­лы­нуы қажет. Біз бүгін соларға на­зар аударып, барлық қажетті жағдайларды жасауымыз керек, – деді Давид Лория өз сөзінде.

Ақпанның 28-і Қазақстан фут­бол федерациясының президенті сайланатынын айта кеткен жөн. Үміткерлер қатарында Олжас Аб­раев, Әділет Барменқұлов, Давид Лория, Берік Қаниев және Қайрат Оразбеков бар.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp