«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЛҒЫРТТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жылыту маусымы басталғалы өңірімізде 215 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 13 адам қаза болып, 5-уі әртүрлі деңгейде дене жарақатын алған. Жиырма үш адам газдан уланған. Ал өткен аптада облыс аумағында 8 өрт тіркеліп, бір адам қайтыс болды. Тілсіз жаудың салдарынан келген материалдық шығын 63 млн. теңгеден асады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары өткізген брифингте айтылды.

Қайғылы оқиғалардың 80 пайызы жеке тұрғын үй секторларында орын алған. Өртті болдырмау және алдын алу үшін мамандар жергілікті атқа­рушы орган өкілдерімен, еріктілер­мен, тәртіп сақшыларымен бірлесіп түрлі шараларды ұйымдастыруда. Соның нәтижесі болар, биыл орын алған өрт саны былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31 пайызға азайып отыр. “Халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінеді. 4220 мекенжай есепке алынды, онда 16 мыңға жуық адам тұрады, – деді облыстық төтенше жағ­дайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басты­ғы, азаматтық қорғау полковнигі Дмит­рий Растихин.

Жыл басынан бері Шал ақын ауда­нында екі өрт оқиғасы тіркелді. 12-ші ақпанда Ұзынжар ауылында болған өрттен 1961 жылы туған ер адам қаза тапты. Бүгінгі күні қайғылы оқиғаның себебі анықталуда.

– Негізінен өрт тұрғындардың отты абайсыз қолдануынан, пештерді ор­нату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаннан болып жатады. Аудан тұрғындары арасында алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып, 963 адам есепке алынды, – деді Шал ақын аудандық төтенше жағдайлар бөлімнің бас маманы Бахтияр Қайнетов.

Мағжан Жұмабаев аудандық тө­тенше жағдайлар бөлімнің бас ма­маны Тимур Қоянбаевтың айтуынша, аталған ауданда биыл өрт салдары­нан 2 адам қайтыс болған. Үстіміздегі жылғы 12-ші және 13-ші ақпан күн­дері үй өртеніп, екі кісі мерт болған.

Ақпанның 14-нен бастап ауа ра­йының бұзылуына байланысты тө­тен­ше жағдайлар департаменті об­лыс бойынша және республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалысқа шектеу қойды. Мамандар осы күндері жолға шыққан 4 адамды құтқарып, жылыту пункттеріне жеткізген.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp