«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МЫҚТАП ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Солтүстіктің жауһары атанған Имантау-Шалқар курорттық аймағы Айыртау ауданында орналасқан. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының мәліметінше, осы өңірде соңғы кезде сұранысқа ие экологиялық туризмді дамыту қолға алынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 
Қазіргі таңда ұлттық паркті дамыту тұжырымдамасы енгізілген «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас жоспары әзірленуде. Әзірге 13 бағыт бекітілген. «Қазантау», «Айыртау» тауына жаяу серуен ұйымдастырылып, көру алаңы жасалмақ. Сондай-ақ Имантау көліндегі аралға қайықпен серуендеу жүзеге асырылмақ. Белсенді демалысты ұнататындырға қастерлі орындарға салт ат немесе велосипедпен баратын маршруттар ұйымдастырылады, деді басқарма басшысының орынбасары Дамир Исаев.
 
Қазіргі таңда Имантау көлінің жағажайын көркейту бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.
Туристердің адаспай жол табуы және демалыс орындарын таңдауы мен туристік маршруттар туралы ақпарат алуы үшін 3 визит-орталық салынбақ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp