«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Студенттер жасағы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жазғы каникул кезінде жұмыс істейтін студент­тер жасағы құрылады.

Оған облыс орталығындағы оқу орын­дарының студенттері тартылады. Петро­павл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша сту­денттер алдымен жұмыспен қамту ор­талығынан жолдама алуы қажет. Өзімен бірге жеке куәлігі, оқу орнынан анықта­ма мен 18-ге толмаған жағдайда ата-анасының келісі­мі болуы шарт.

Бүгінгі таңда облыс орталығында бюд­жеттік 23 көпқабатты үйдің құры­лы­сы жүріп жатыр. Бұған қоса, 18 ком­мерциялық баспана салынуда. Сту­денттер жасағы тұр­ғын үй құрылысына тартылады. Был­тыр осынау игі баста­ма аясында 48 студент екі қолға бір кү­рек тапқан. 10-11 сыныптарда оқитын 18 оқушы уақытша қо­ғамдық жұмыс­тарға тартылған.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp