Ақжар ауданының Ақжарқын орта мектебінде “Дәстүр мен ғұрып” арнайы жобасы аясында “Тату үйдің тамағы тәтті” байқауы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – әжелерімізден қалған аспаздық дәстүрді жаңғырта отырып, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Байқауға мектебіміздің оқушылары ғана емес, олардың ата-аналары да қызығушылық білдіріп, белсене қатысты. Мәселен, Үсеновтер отбасы бірлесе дайындаған тағам қазылар алқасының шешімімен ең дәмді деп танылып, олар бас жүлдені иеленсе, қалған жүлделі орындарды Мәнкей, Сабиров, Бигожин отбасылары өзара бөлісті.
Байқау соңында барлық қатысушылар мен жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. Белсенділік танытқан ата-аналар мен оқушыларға мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтылды.
Алмагүл МАНАП,
Ақжарқын орта мектебінің мұғалімі.
Ақжар ауданы.