«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Жастарға клуб қажет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Николаевка – өңірдегі іргелі ауыл­дардың бірі, тұрғындар саны 1400-ге жуық. Мұнда ісі өрге басқан шаруа­шы­лықтар баршылық. Дүкен, екі дәм­хана, астық қабылдау пункті, дәріха­на, монша, қарттар үйі жұмыс істейді. Былай қарасаң, барлық әлеуметтік жағдай жасалғандай көрінгенімен, көптен бері ауылішілік жолдың жайы қатты қинап отыр. Сайланғанына жар­ты жылдай ғана болған Николаевка ауылдық округінің әкімі Нұрбек Сапа­ровтың есеп беру жиынына аудан әкімі Медет Оспановтың қатысаты­нын естіп, кездесуге арнайы қатыс­тық. Мен осы ауылда жарты ғасыр­дан астам тұрып келемін. Содан бері жол дұрыс жөнделген емес. Ойдым-ойдым жерлерін жамап-жасқа­ғанымен, тіркемелі жүк көліктері әп-сәтте тас-талқанын шығарады.

 

Обалы не керек, Медет Дулатұлы өтінішімізді ақырына дейін сабырмен тыңдап алғаннан кейін бұл жайттан хабардар екенін жеткізді. “Қазіргі күні қажетті жобалық-сметалық құжаттар әзір. “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында өтінім жолданып, облыстық бюджеттен қаражат күтіп отырмыз. Қолдау тапса, Николаевка, Тораңғұл, Чириковка ауылдарының жолдары бірінші кезекте жөнделеді. Сіздерде ауызсу мәселесін шешуді де қарас­тырып жатырмыз”, – деді әкім.

Николаевкаға тіршілік көзі тартыл­ған. Кей отбасылар үйлеріне дейін кір­гізіп алған. Алайда ауызсу ақпай қа­ла­тын сәттер аз кездеспейді. Өйткені жұмыс істеп тұрған резервуардың сыйымдылығы – 50 текше метр ғана. Ол барлық қажеттілікті өтей алмай­ды. Әсіресе жазда бау-бақшаны суа­руға жетпей қалады. Жиында кеңес өкіметі кезінде орнатылған бір мың текше метрлік резервуарды қайта қалыпқа келтіру жайы айтылды. Жо­балық-сметалық құжаттама дайын көрінеді.

Кей көшелерде жарық жоқ деген сауалға Нұрбек Сапаров Мектеп, Ав­тобаза, Интернационал, Ленин көше­ле­рін жарықтандыруға 4,4 млн. тең­генің жобалық-сметалық құжатта­масы жасалғанын, биыл шаруаны бас­тайтынын айтты. Ауылда талап­ты, өнер­паз жастар көп. Оларды қат­ты қи­нап тұрғаны – клубтың жоқтығы. Күре жолдың бойында орналасқан ел­ді ме­кенге бір мәдениет ошағы керек-ақ.

Қайыржамал ҚАДЫРБАЕВА,

Николаевка ауылының тұрғыны.

Есіл ауданы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp