«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘРІГЕРЛЕР СҰЙЫҚТЫҚ ЖИНАЛЫП, ІШІ ІСІНІП КЕТКЕН БАЛАНЫ ЕМДЕУДЕН БАС ТАРТҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Ішіне сұйықтық жиналған 5 айлық қыздың ата-аналары толыққанды ем ала алмай жатқандықтарын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Балақайдың ата-анасы Наталья мен Андрей Мелехин көптен күткен сәбилері Ксюшаның жағдайы ауыр дейді.
-Қаңтардың 3-і күні ауданнан облыстық балалар ауруханасына жіберді. Дәрігерлер сары ауру шығар деп жобалады. Осы уақытқа дейін бірталай ем-дом шараларынан өттік. Біраз уақыттан кейін сәбидің іші ісініп бара жатқанын аңғардым. Ақхалаттылар Ксюшаны тексерістен өткізіп, бойында сұйықтықтың барын анықтады. Кейін қосымша ем шараларын жазып берді, бірақ бұдан да түк шықпады. Ақпанның 15-і қызымыздың іші 2 есе өсіп кетті. Шыны керек, қарауға жүрек шыдамайды, бала әбден қиналып бітті, тамақішуден де қалды. Ксюшаның ауыр жағдайда екеніне қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала орталығы» емдеуден бас тартты,-дейді Наталья өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Облыстық денсаулық сақтау саласының өкілдері Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы тарапынан ресми түрде емдеуден бас тарту туралы хабар келмегенін алға тартуда. Қазір қос тарап арасында келіссөздер жүргізілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp