«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шығын табыстан аспауы тиіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен шығын­дарының айырмашылығы бақылауға алынады. Парламент Мәжілі­сін­де ресми табысы мен шығынында айырмашылық бар шенеунік­тер­ге шара қолдану туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұл­данды.

Егер мемлекеттік қызметші мен оның зайыбының шығындары ресми түрде көрсетілген табысынан асып тү­сетін болса, маман ірі көлемде айып­пұл төлейтін болады. Нақты айтсақ, шығын мен табыс айырмашылығы 1000 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 3 миллион теңгеден асса, мем­лекеттік қызметкер айырмашылық­тың 90 пайызына тең болатын мөл­шердегі қаржыдан қағылады. Бірақ оларға шығынның заңды екенін дә­лелдеуге мүмкіндік беріледі. Ал шы­ғын мен кіріс арасындағы қаржы мем­лекеттік қызметкердің жылдық та­бысынан асып кетсе, ол қызметінен қуы­лады.

Заң талаптары кезең-кезеңмен қолданысқа енгізіледі. 2026 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің кірісі мен шығынының айырмашылығы тексеріле бастайды.

Бұдан бөлек, заң жобасы жемқор­лық туралы ақпарат берген адамды қорғауға мүмкіндік береді. Оларды тәр­тіптік жауапкершілікке тартуға, басқа қызметке ауыстыруға немесе жұ­мыстан босатуға болмайды. Жем­қорлыққа қарсы ақпарат берген адам жайлы құпияны ашқан қызмет­кер­лерді қылмыстық жауапкершілікке тар­ту көзделген.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp