«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

XIII ҚЫСҚЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА 3 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
XIII қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасы анықталды. Бейжіңде өтетін сайыста еліміздің намысын 5 спортшы қорғамақ. Олар: солтүстікқазақстандық Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, қостанайлық Юрий Березин және Ақмола облысының өкілі Денис Петренко. Қазақстандық азаматтар спорттың 2 түрі бойынша сынға түседі: шаңғы жарысы және биатлон, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тартысты дода наурыздың 4-і мен 13-і аралығында өтеді. Оған 50 елдің 700-ден астам спортшысы қатыспақ ниетте. Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты наурыздың 4-і Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. Қазақстан Республикасының көк байрағын пара-шаңғы спорт түрінен Әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов көтеріп шығады. Бүгінде қазақстандық спортшылар Алматы облысында қысқы олимпиада ойындарына арналған оқу-жаттығу жиындарында, додаға қызу дайындық үстінде.
-Эпидемиологиялық жағдай спортшыларымыздың Бейжің — 2022 қысқы Паралимпиада ойындарына толыққанды қатысуына кедергі келтірді. Көптеген спортшылар Паралимпиада ойындарына іріктеу жарыстарына қатыса алмады. Сондықтан Пекин-2022 ойындарына ұлттық құрама командамыз толық құрамымен бармайтын болды. Біздің паралимпиадашылар қысқы ойындарға барар жолда үлкен жұмыс атқарды, көп еңбек етті. Паралимпиада ойындарына жолдама алудың өзі үлкен жетістік. Біздің паралимпиадашылардың жеңіске деген ұмтылысы жоғары, әлеуеті зор, өз күшіне сенімі берік, – деп атап өтті Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp