«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ БОЛУЫ МҮМКІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
«Қазгидромет» өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан бойынша су қоры алдыңғы жылдармен салыстырғанда орташа деңгейден біршама жоғары, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен орталық атқарушы органдар көктемгі су тасқыны кезінде апаттың алдын алу шараларын жүзеге асыруда. Министрліктің төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амриннің айтуынша, су тасқынына қардың жиналуынан бөлек жауын-шашынның көктемде көп жаууы да әсер етеді. Қазіргі күні қауіпті жағдайда жедел әрекет ететін топ жасақталды. Оның құрамына 62 мың адам кереді. Сондай-ақ, 14 мың техника әзір тұр.
– Өзендердегі мұз да өткен жылғыдан жұқа. Бұл олардың ерте еруіне алып келуі мүмкін. Температураның жылуы мен ақпан-наурызда жауын-шашын мөлшері су тасқыны қаупін арттырады. Су тасқыны болуы мүмкін өңірлерге Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Орташа қауіпті өңірлер – Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары, – деді ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp