«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫРҚАТТАНҒАН 5 АЙЛЫҚ СӘБИ ПЕТРОПАВЛДАН НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ КЛИНИКАҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Кеше ішіне сұйықтық жиналып, ісініп кеткен Ксюша есімді қыздың ата-анасы Нұр-Сұлтандағы дәрігерлер қабылдамаудан бас тартып жатыр деп шағымданғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Бүгінде бұл мәселе шешімін тапқандай. Облыстық денсаулық сақтау саласының мамандары науқас сәбидің елордалық клиникаға жіберілгенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кезекті телемедициналық консультациядан кейін 5 айлық қыз дәрігерлердің көмегімен санитарлық реанимобильде Нұр-Сұлтандағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» жеткізілді. Енді әрі қарай тексеріліп, тиісті ем қабылдайтын болады. Мединица қызметкерлерінің айтуынша, елордалық дәрігерлер сырқаттанған баланы қабылдаудан бас тартты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ана мен бала орталығынынан ресми түрде ондай ақпарат келмеген.
-Ксюша осыған дейін Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында болды. Мамандар сәбиді гепатитті асцит диагнозына шалдыққан шығар деп топшылады. Стационарлық емдеу кезінде елордалық дәрігерлермен 4 рет телемедициналық консультация жүргізілді, – дейді жергілікті денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Источник: https://qyzyljarnews.kz/news/syrkattangan-5-aylyk-sebi-petropavldan-nur-sultandagy-klinikaga-zhetkizildi.html

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp