«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАНДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Ел аумағында тұрғындар мен бизнес саласына қатысты карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді. Енді Қазақстан азаматтарына елге кірер кезде ПТР-сынамасын тапсыру міндетті емес, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Яғни «COVID-19»-ға қарсы иммундау шарасының толық курсынан, ревакцинациядан өткен азаматтар елге кірер кезде ПТР-тест тапсырмайды. Коронавирусқа шалдыққан адамдармен байланыста болған тұрғындардың бойында ауру белгілері байқалмаса, үй карантинінде отырмайды.
 
«Ashyq» жүйесі бойынша «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар үшін эпидемиологиялық қатердің «жасыл» және «сары» аймақтарында – шектеусіз, «қызыл» аймақта – толымдылығы 70 пайызға дейін нысандарға (әлеуметтік қашықтықты, маскалық режімді сақтаумен) баруға:
— банкеттер, еске алу, конференциялар мен форумдар, ойын-сауық, ұжымдық құлшылық ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
— аумағы 1000 шаршы метрден үлкен сауда орындары, алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің, бассейндердің, ойын және түнгі клубтардың, караоке қызметіне рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты шектеулер де алынды. Эпидемологиялық қауіп аймағына, яғни «қызыл», «сары», «жасыл» зоналарға қарамастан, кеңсе мен ұйымдардың оффлайн режімде жұмыс істеуіне қатысты шектеу ережелері алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp