«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.02.2022

КУРСАНТТАР ЖЕҢІСІ

Нұр-Сұлтан қаласында қоян-қолтық ұрыстан ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі өтті. Қазақстан чемпионатында 3 жерлесіміз жүлдегерлер қатарынан көрінді.

КӨҢІЛДЕГІДЕЙ НӘТИЖЕ

Жуырда Өскемен қаласында өткен шорт-тректен ел чемпионатына өңіріміздің намысын қорғауға 15 спортшы аттанып, қоржынға – 2 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль салды.  Аталған додаға тоғыз облыстан 130-дан астам жеткіншек қатысқанын ескерсек, қол жеткізілген нәтиже көңіл қуантады.

ҰЛТ ҰСТАЗЫ

Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде «Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінің ұжымы қазақтың біртуар тұлғаларының бірі,  тілтанушы, әдебиетші, түркітанушы, публицист, оқытушы, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Қазақ халқының ұлы тұлғасы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

СОТТАЛҒАНДАР БІЛІМ АЛМАҚ

Облыста 50 сотталған колледжде білім алмақ. Олар «газ-электр дәнекерлеуші», «құрылыс шебері» сияқты мамандықтар бойынша оқиды.

АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕҢІЗДЕР

Петропавл полицейлері қала тұрғындары мен қонақтарын интернет кеңістігіндегі алаяқтық туралы хабардар етуді жалғастыруда. Жадынамалар, брошюралар және жеке түсініктемелер – бұл полиция қызметкерлерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарының бірі.

ҚҰРБЫСЫНЫҢ ҮЙІНДЕ САЙРАНДАҒАН

Із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру – криминалдық полиция жұмысының басты бағыттарының бірі. Әрбір факті бойынша барлық сыртқы бөліністер дереу бағдарланады, көбінесе іздеуге әлеуметтік желілерде бағдарларды тарататын еріктілер қосылады.

ЕСІРТКІ ТАРАТУШЫЛАРҒА ЖАЗА ҚАТАЛ

Былтыр есірткі тарату ісімен айналысқандары үшін қылмыстық жауапкершілікке 120 адам тартылса, соның 42-сі – 16 мен 25 жас аралығындағылар. 2020 жылдың қаңтарынан бастап есірткіні жарнамалап, насихаттағандарға жаза күшейтілді. Егер бұрын айыппұл салынса, қазір қылмыстың бұл түрі үшін бірнеше жылға бас бостандығынан айыру көзделген.

ҚАРУЫН ҚАЛАМҒА АЙЫРБАСТАҒАН

Омырауы орден-медальға толы ардагерлер кез келген отырыстың көркі еді ғой! Ентелеген жауды тізе бүктіріп, жерімізді азат еткен жауынгерлерге деген құрмет те кезінде ерекше болатын. Әр ауылдың өз батырлары бар. Олардың майдандағы ерліктері жайлы айтқан әңгімелері жас буынды ел мен жерді сүюге тәрбиелеп, ержүректікке баулитын. Осындай талай жиынның ортасынан Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырбек Сыздықұлы табылатын. …

ҚАРУЫН ҚАЛАМҒА АЙЫРБАСТАҒАН Read More »

Жалған статистика жарға жығады

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму  стратегиясын белгілеуде статистика саласының рөлі зор, қоғам үшін маңызы өлшеусіз. Өйткені орталықтандырылған мәліметтер негізінде басқару органдарының, мекеме-ұйымдардың жұмысына талдау жасалып, халықты жұмыспен қамтылу деңгейі, өмір сүру жағдайы, әл-ауқаты, баға, жалақы, инвестиция, баспана, тағы басқа статистикалық ақпараттар алаңыда. Сол арқылы бюджет бөлінісі де реттеледі. Алайда 30 жыл өтсе де кеңес заманынан қалған жоқты …

Жалған статистика жарға жығады Read More »

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛҒАБЫС

Қаңтар айынан бастап елімізде туризм саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауға ие бола алады. Енді іскер азаматтардың жобалары төрт бағыт бойынша субсидияланады.

ЖАНАРТАУ

Мен айтулы азамат, ардақты ағамыз, есімі елімізден тысқары жерлерде де жақсы мәлім атақты ғалым, академик Аманжол Қошанұлынан бұрын оның әкесі – “Сауырынан су төгілмес боз жорға”, жыр жүйрігі – Шал ақынның  (Тілеуке Құлекеұлы) тікелей ұрпағы – Қошан Жантілеуұлымен танысқан едім. 

Колледж мәртебесі жоғарылады

Осыдан  90 жыл бұрын шаңырақ көтерген арнайы жоғары оқу орны алғашқы кезде  екі ғана мамандық иелерін даярлады. Бүгінде Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде студенттер 9 мамандық және 16 біліктілік бойынша білім алады. Түлектеріміздің 80 пайыздан астамы тұрақты жұмыстарға орналасады.

Қамқорлықсыз қалмады

Амандық округіне қарасты Ильичевка ауылында тұратын Нәбижан Әбдіқайымның отбасы қыстың көзі қырауда ойламаған жерден жайлы үйінен  айырылды. Электр сымынан тұтанған өрттің салдарынан құны 6 млн. теңге тұратын баспанасы мен  жиhаздар  мүлдем жарамсыз болып қалды. Көрер жарығы бар демекші, үйдегілер баспананың терезесін сындырып, далаға шығып үлгерген. Бұл жағдайды естіген өңір басшысы Құмар Ақсақалов жауапты мамандарға жағдайды …

Қамқорлықсыз қалмады Read More »

СЫРҚАТТАР ЕКІ ЕСЕ АЗАЙДЫ

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенсек, елімізде екі өңір ғана, атап айтқанда, біздің облысымыз бен Алматы қаласы «қызыл» аймақта тұр.  Өңірімізде өткен тәулікте 72 адам коронавирус жұқтырса, бір адам инфекциядан қайтыс болды.

ЫНТАЛЫҒА ЫРЫС МОЛ

Мамлют аудандық Мәдениет үйінде мемлекеттік грант алып, өз кәсібін ашуды көздеген бір топ іскер жан бас қосты. Игі шараны аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі арнайы ұйымдастырыпты. Форумның мақсаты – шағын бизнесті дамытудың жолдары, әйелдердің кәсіппен айналысуын ынталандыру және әлеуметтік мәселелер төңірегінде нақты диалог алаңын құру. Кәсіп бастауда тәжірибе алмасу өте маңызды. Ол үшін алдымен ынта, содан …

ЫНТАЛЫҒА ЫРЫС МОЛ Read More »

ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІ

Ауылдық округ әкімдері есеп беріп болды. Кездесулерде тұрғындар өздерін толғантқан мәселелер төңірегінде сауалдар қойып, атқарылған іс-шаралармен қоса алда атқарылатын жұмыстармен де тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Түйіні күрмеулі проблемалар тиісті билік орындарының назарына  ұсынылып, орындалуы хабардар етіліп отыратын болды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, есепті кездесулер жекелеген азаматтар тарапынан да қоғамдық белсенділік пен бақылау тетіктерін ширатып, …

ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІ Read More »

ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР УАҚЫТЫ

Кез келген мемлекеттің дамуы тұрақтылық пен келісімге, тыныштық пен тұтастыққа негізделеді. «Қаңтар қасіреті» біртұтас ел болып ұйысудың, ауызбірліктің, өзара түсіністіктің қаншалықты маңызды екенін айғақтап берді. Сүттей ұйыған бірлікке сызат, жарықшақ түссе, оны елемеудің, ескермеудің  ақыры  адам айтқысыз ауыр қасіреттерге, қантөгістерге, небір лаңкестік  әрекеттерге соқтыратынын  көзбен көріп, жүрекпен сезіп отырмыз.

АПАТ САНЫ АЗАЙҒАН

Облысқа жұмыс сапарымен төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев келді. Ол Оқушылар сарайында ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, Төтенше жағдайлар министрлігінің туын жергілікті департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамил Камаловқа табыс етті.

БІЗ БАРШАҒА АШЫҚПЫЗ

Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңына сәйкес үш жылдық мерзімге сайланған қоғамдық кеңестердің өкілеттік мерзімі аяқталып, аталмыш заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде жаңа құрам жасақталды. Біздің облысымызда да облыстық мәслихаттың шешімімен 21 адамнан тұратын қоғам белсенділерінің басын қосқан құрылым өз жұмысын бастап кетті. Біз бүгін жаңа құрамның алдында тұрған міндеттер, жалпы қоғамдық кеңестің қызметіне қойылатын …

БІЗ БАРШАҒА АШЫҚПЫЗ Read More »

ЖАҒДАЙМЕН ЖАҚЫНЫРАҚ ТАНЫСПАҚ

Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары тұрғындармен кездесулер өткізіп, әлеуметтік мәселелерімен жіті танысуда. Облыс әкімі Құмар Аққсақалов Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерлік Тайжанов пен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Дмитрий Колодамен жүздесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырды.