«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АПАТ САНЫ АЗАЙҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысқа жұмыс сапарымен төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев келді. Ол Оқушылар сарайында ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, Төтенше жағдайлар министрлігінің туын жергілікті департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамил Камаловқа табыс етті.

– Ту тапсыру департаменттің және министрліктің барлық ұжымы үшін тарихи оқиға болып табылады. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің алдында халықты және мемлекетіміздің аумағын төтенше жағдайлар мен апаттық оқиғалардан қорғау міндеті тұр. Министрдің атынан барлық қатысушыларды осы айтулы оқиғамен құттықтаймын және оларға денсаулық, сергектік және қажырлы еңбекте табыс тілеймін, – деді вице-министр.

Салтанатты шарадан соң облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камалов аталмыш ведомство мамандары атқарған жұмыстарды саралады. Өткен жылы құтқарушылар мен өртсөндірушілер үш мыңнан астам шақыртуға шығып, 350-ге жуық адамды құтқарды. Сондай-ақ 1 жарым мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

– Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 31 пайызға, жарақат алғандар – 78, қаза болғандар 80 және материалдық шығын көлемі 65 пайызға азайды. 2018-2021 жылдар аралығында жергілікті өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықталуына ерекше назар аударылды. Бұл аралықта жергілікті бюджет қаражаты есебінен 29 арнайы техника сатып алынды. Былтыр лизинг арқылы 8 өрт сөндіру автоцистернасын, тепловизорлар, қайықтар, сүңгу және газ түтінінен қорғауға арналған құрал-жабдықтар жеткізілді, – деді Рамиль Камалов.

Жиын соңында төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев облыстық департаменттің жұмысын бағалап, қызметтегі маңызды мәселелерді шешу жолдарын айқындап берді.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp