«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕҢІЗДЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл полицейлері қала тұрғындары мен қонақтарын интернет кеңістігіндегі алаяқтық туралы хабардар етуді жалғастыруда. Жадынамалар, брошюралар және жеке түсініктемелер – бұл полиция қызметкерлерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарының бірі.

Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтыққа жол бермеу жөніндегі акцияны апта сайын жүргізеді. Бұл жолы учаскелік инспекторларға патрульдік полицейлер де қосылды. Олар жүргізушілерге ақпараттық брошюралар тарату арқылы киберқылмыскерлердің қауіптілігі туралы хабарлады. Автокөлік жүргізушілері ризашылықтарын білдіріп, қарт туыстарына, көршілеріне және таныстарына полицияның барлық ұсыныстарын айтуға уәде берді.

Жыл басынан бері Петропавлда интернет-алаяқтықтың 50-ден астам фактісі тіркелген. Схеманың ең көп таралған түрі – «банктен қоңырау шалу». Жалған қызметкер адамға несие алуға тырысқандарын, жеке деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды, логиндер мен құпия сөздердіжіберу керектігін сендіреді. Осы жылы Петропавл қаласында 22 факті орын алды. Қаскөйлер әлеуметтік желілер мен қосымшаларды белсенді қолданады. Тегін хабарландырулар сайты арқылы 12 адам алданып қалды. 8 адам «Kolesa.kz»қосымшасында машина сатып алмақ болып, алаяқтың арбауына түскен.

Интернет-алаяқтар смартфондар мен компьютерлерге арналған қашықтан қол жеткізу бағдарламалары арқылы жаңа схемалар мен сценарийлерді қолданады.  Олардың көбінесе көбінесе басқа қалалар мен елдерде тұрып  жұмыс істейтінін еске саламыз. Қоңырау шалушылардың ақпаратын жіті тексеріп алған абзал. Өз деректеріңізді ешкімге айтпаңыздар.

Жандос МҰҚАТОВ,

Петропавл қалалық полиция басқармасының

 бастығы, полиция полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp