«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІ ТАРАТУШЫЛАРҒА ЖАЗА ҚАТАЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Былтыр есірткі тарату ісімен айналысқандары үшін қылмыстық жауапкершілікке 120 адам тартылса, соның 42-сі – 16 мен 25 жас аралығындағылар. 2020 жылдың қаңтарынан бастап есірткіні жарнамалап, насихаттағандарға жаза күшейтілді. Егер бұрын айыппұл салынса, қазір қылмыстың бұл түрі үшін бірнеше жылға бас бостандығынан айыру көзделген.

 Былтырғы ақпан айында облыс орталығында тұратын, «тұз» синтетикалық психобелсенді препараттарын сатумен айналысқан ерлі-зайыптыны анықтадық. Көп ұзамай есірткі бизнесіне қатысы бар адамдар тобына қатысушылар белгілі болды. Қылмыскерлер Жамбыл ауданының Миролюбово елді мекенінде есірткі зертханасын ұйымдастыру мақсатында арнайы үй сатып алып, жабдықтаған. Ал есірткі жасауға қажетті қопаларды ТМД елдерінен жеткізіп отырған. Жеке тұрғын үй зертханаға лайықталған, арнайы жабдықтар: араластырғыштар, ұсақтағыштар, колбалар, өлшеуіш ыдыстар болған. Сондай-ақ күкірт, тұз және бензол және т.б. өте улы қышқылдармен жұмыс істеу кезінде киетін қорғаныс костюмдері мен респираторлар табылды.

 Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде 3 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді – бұл шамамен 50 мың доза. Бұдан басқа буып-түю материалдары, оннан астам ұялы телефон, дәріхана таразысы, қашан, қанша сатылғандығы жазылған блокнот пен дәптер табылды. Мамандандырылған облыстық соттың үкімімен ұйымдастырушы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, қылмыстық топтың қалған қатысушыларына 15, 11 және 12 жылға жаза кесілді. 

 Жандос БАСЫБАЕВ,

облыстық полиция департаменті есірткі

қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының

бастығы, полиция полковнигі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp