«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Колледж мәртебесі жоғарылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан  90 жыл бұрын шаңырақ көтерген арнайы жоғары оқу орны алғашқы кезде  екі ғана мамандық иелерін даярлады. Бүгінде Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде студенттер 9 мамандық және 16 біліктілік бойынша білім алады. Түлектеріміздің 80 пайыздан астамы тұрақты жұмыстарға орналасады.

Бүгінгі таңда кәсіби шеберлігі жоғары мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлініп келеді.  Сұранысқа ие мамандықтың қыр-сырын меңгеру үшін дуалды білім беру формасы енгізілген. Студенттер оқу уақытының 40 пайызын аудиторияда дәріс тыңдаумен өткізсе, қалған кездерде өндірістік тәжірибеге айрықша ден қояды. Оның тиімділігі сол, тәжірибе еңбек өтілі ретінде саналады.

Осыдан екі жыл бұрын колледж қабырғасында газ қондырғыларын қолдану мен жөндеу бойынша темір ұстасы мамандығы ашылды. Онда 50 студент білім алуда. Кабинеттер арнайы заманауи құрылғылармен,  аппараттармен жабдықталған. Бұл мақсат үшін  «Жас маман» бағдарламасы аясында қомақты қаржы  бағытталды. Республикалық жоба шеңберінде 320 млн. теңгеге озық технологиялар сатылып  алынды. Материалдық-техникалық база 3D зертханамен, гидравлика зертханасымен толықтырылды. Сондай-ақ сантехника кабинетіне дәнекерлеуші үстелдер орнатылды. Бұдан бөлек, бірқатар қондырғылар мен виртуалды оқыту кешендері әкелінді. Мұның бәрі студенттердің таңдаған кәсібін терең меңгеріп, дайын шебер болып шығуына зор септігін тигізері анық.

 “Ғимараттар мен құрылымдарды салу және қолдану” мен «есеп және аудит» мамандықтары лицензияланып, қолданбалы бакалавриат мәртебесіне ие болды. Оқу орнымыз жоғары құрылыс-экономикалық колледжі ретінде де мәртебесі жоғарылып, мерейтой алдындағы жағымды жаңалық бәрімізді қуантып отыр.

 Роза БІРІМЖАНОВА,

жоғары құрылыс-экономикалық

колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.   

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp