«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРБЫСЫНЫҢ ҮЙІНДЕ САЙРАНДАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру – криминалдық полиция жұмысының басты бағыттарының бірі. Әрбір факті бойынша барлық сыртқы бөліністер дереу бағдарланады, көбінесе іздеуге әлеуметтік желілерде бағдарларды тарататын еріктілер қосылады.

Адамдардың дені алкогольдік ішімдікті асыра пайдалану себепті тұрғылықты мекенжайларынан адасып қалып жатады. Мұндай жағдайларда полиция әдетте ойын-сауық мекемелерінен, жалдамалы пәтерлерден немесе ішімдікке құмар таныстарының ортасынан жоғалған адамдарды іздейді. Бұл тек ерлерге ғана қатысты емес. Жуырда Петропавл қаласының тұрғыны 28 жастағы әйелінің жоғалып кеткені туралы полицияға арызданған. Келесі күні біз оны құрбысының үйінен мас күйінде таптық.

Қаңтар айынан бастап облыс бойынша полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 44 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы іздестіріліп, кезекші тәулік ішінде 42 адамның орналасқан жері анықталды.

Марат ЖҰМАЛИЕВ,

облыстық криминалдық полиция басқармасының 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp