«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТ ҰСТАЗЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде «Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінің ұжымы қазақтың біртуар тұлғаларының бірі,  тілтанушы, әдебиетші, түркітанушы, публицист, оқытушы, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Қазақ халқының ұлы тұлғасы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Тіл білімінің атасы һәм реформаторының ұлтымыздың жан-жақты дамуына сіңірген еңбегі орасан. Олардың бірқатарын қазіргі жастар біле бермейді. Іс-шара осы мақсатты көздеді, яғни  оқушылар Отанға қызмет етудің жарқын үлгісін Ахмет Байтұрсынұлы өмірінен алуы тиіс.

Көрмеде музейдің тарихи-ғылыми зерттеу бөлімінің қызметкерлері оқушыларға қазақ тіл білімі мен әдебиетінің негізін қалаушы, ұлттық жазуды реформалаушы, ағартушы, Алашорда үкіметінің мүшесі туралы қызықты ақпарат бере отырып, мағыналы дәріс оқыды.

Аталмыш көрме Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейімен қатар Солтүстік Қазақстан университетінде, теміржол, өнер колледждерінде ұйымдастырылды.

Көрме төрт ролл-аптан тұрды. Оларда Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер мен мұрағаттық фотосуреттер қамтылған.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp