«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТТАЛҒАНДАР БІЛІМ АЛМАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста 50 сотталған колледжде білім алмақ. Олар «газ-электр дәнекерлеуші», «құрылыс шебері» сияқты мамандықтар бойынша оқиды.

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар тегін білім алу мүмкіндігіне ие. Болашақта олар осы мекемеде немесе бостандыққа шыққаннан кейін жұмыс істей алады. Осылайша сотталғандардың талап-арыздарын өтеуге, туыстары мен жақындарына көмектесуге мүмкіндігі бар.

 ЕС-164/8 мекемесінің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжінің ұжымымен кездесу өткізді. Колледж өкілдерін ЕС-164/8-де бар материалдық-техникалық базамен таныстырды, сондай-ақ практикалық және теориялық сабақтарға арналған сыныптарды көрсетті.

Мамандардың айтуынша, сотталғандарды кәсіптік оқыту үшін мекеме аумағында барлық жағдайлар жасалған. Оқуды үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізу жоспарлануда. Сабақтар тоғыз айлық курстар шеңберінде ұйымдастырылады, оларды аяқтағаннан кейін сотталғандарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp