«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ПЕТРОПАВЛДА АЯҚ КИІМ ӨНДІРІСІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдық Күләш Татаева — жолдасымен бірге аяқ киім өндірісін жолға қойған кәсіпкер. Шеберлік пен төзімділікті қажет ететін кәсіптің қыр-сырын, мемлекеттің қолдауы туралы баяндады, хабарлайды QyzyljarNews.kz тілшісі.

Күләш Татаева Шымкент қаласының тумасы. Жас кезінде Саратов облысында тұрып, тұрмысқа шыққан. Кейін 2000-жылы ерлі-зайыптылар Қызылжар өңіріне қоныс аударыпты.

-Қазақстанның солтүстігінде кәсіпті дөңгелетіп әкетуге мүмкіндік зор. Сол себепті, Петропавлға көшіп келуге бел байладық. Бастапқыда жолдасым екеуміз Ресейден арнайы киім мен аяқ киім алдыртып, тауарларды сатып жүрдік. Осы уақыт аралығында Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан тұрақты клиенттеріміз пайда бола бастады. Кейін неге өзімізге аяқ киім өндірісімен айналыспасқа, деген ой келді. Абай атамыз айтқандай «Еңбек етсең ерінбей — тояды қарның тіленбей»,-демекші қолда бар мүмкіндіктерд іпайдаланып, аяқ киім өндірісін бастадық,-дейді Күләш Татаева.

Кәсіпкер 2018 жылдың қыркүйек айында «Даму» қорына жүгініп, қажетті құрал-жабдық сатып алу үшін несие рәсімдеген.

-Мемлекеттік қолдаудың арқасында біз автоматтандырылған техника сатып алдық. Кәсіпті бастау үшін өз қалтамыздан да біраз қаражат жұмсағаным рас. Оған аяқ киімге арналған тігін машиналарын алдық. Осылайша ақырындап тиісті құрылғыларды толтыра бастадық. 2019 жылы өзіміз алғашқы қысқы аяқ киімізді шығардық,-дейді іскер жан.

Кәсіптен нәсіп тауып отырған отбасы былтыр 6 мың жұпаяқ-киім тіккен. Биыл көрсеткішті 10 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Бұл цехта 15 адам жұмыс істейді, орташа жалақысы — 150 мың теңге.

Ісін одан әрі дамыту үшін солтүстікқазақстандық кәсіпкер тағы бір мәрте «Даму» қорына жүгініп, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында қосымша несие алды.

-Біз өнім түрлерін жыл сайын арттырып отырамыз. Бастапқыда аяқ киімнің 6 түрін шығарсақ, бүгінде бұл көрсеткіш 15-ке жетіп отыр. Ендігі кезекте өндірістік цехты кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жазғы аяқ киім шығару ойымызда бар. Қазірдің өзінде ерлер мен әйелдер, сондай-ақ жасөспірімдердің аяқкиімдеріне арналған формаларға тапсырыс беріп қойдық. Ассортиментті 30-ға дейін көбейтпекпіз,-дейді Күләш Татаева.

https://qyzyljarnews.kz/news/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp