«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің отырысы өтті. Облыс әкімі, партия филиалының басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен жиында саяси ұйымның XXII кезектен тыс съезіне қатысатын делегаттар сайланды.

Съезге өңірден 22 адам қатысатын болып шешілді. Облыстан баратын делегаттар қатарында партияның облыстық филиалының басшылығы, аумақтық филиалдар төрағаларының бірінші орынбасарлары, өңірлік саяси кеңес мүшелері бар. «Nur Otan» партиясының XXII кезектен тыс съезі наурыздың 1-і күні елордада өтеді. Съезд барысында Мемлекет басшысы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты шараларды атап өтеді деп күтілуде.

Ілияс СӘБДИНОВ,

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp