«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫРАН ҚҰСТАЙ КӘКІМБЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Иван Шухов атындағы қалалық орталық кітапхананың жанынан құрылған «Sana» әдеби-музыкалық клубының ұйымдастыруымен Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығына арналған «Сүйемін сені, туған жер!» атты  кеш өтті.

Көзі тірісінде еліміздің дамуына жан-жақты үлес қосқан қаламгердің туған жер, өскен өлке тақырыбына арнап жазған туындылары бір төбе. «Сырымбетте мектебім», «Қызылжарым», «Туған үйдің түтіні», «Жер шоқтығы» туындыларын оқырман қуым сүйіп оқиды. Жиында сөз алған  «Sana» әдеби-музыкалық клубының төрағасы Сағындық Салмұрзин, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Таласпаева, ақын Әбдуғани Базылханұлы, Жапар Бәриұлы, әнші Жанат Айтбаев Кәкімбек Салықовтың мағыналы ғұмыры мен шығармашылығы туралы әсерлі ой өрбітті.

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушылары ақынның «Жадымда жатқан бір жыр бар», «Туған жер» өлеңдерінен үзінділер оқыса, дәстүрлі әнші Жанат Айтбаев «Үш арыс» әнін орындады.

– Кәкімбек ағамыз тарихқа да жүйрік еді. Үкілі Ыбырайдың шәкірті болған Молдахмет Тырбиев атасының жанында жүріп, қалай ән-күйге сусындап өскенін, домбыра тартуды да сол кісіден үйренгенін айтып бергені әлі күнге дейін  жадымда. Репертуарымда  Кәкеңнің  «Үш арыс», «Аңсау», «Жылжиды аққу», «Аққу жеткен» деген әндері бар, – деді Жанат Айтбаев.

Шараға қатысқан қонақтар ақынның өмір, өнер жолы туралы егжей-тегжейлі айтып,  туындыларымен таныстырды Кәкімбек Салықовтың өте сауатты, талантты адам болғаны, мамандыққа деген адалдығы жайлы айтылды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp