«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕМДЕУ ҚИЫН БОЛҒАНМЕН, АЛДЫН АЛУ ОҢАЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Скринингтік тексерулер арқылы қатерлі ісік пен оған дейінгі ауруларды ерте анықтауға болады.

Қауіпті дерттерді  анықтауға арналған скринингтің үш түрі бар. Олар: жатыр мойны обырының скринингі (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер арасында цитологиялық зерттеуге жағынды алу жолымен 4 жылда 1 рет жүргізіледі); сүт безі обырының скринингі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер арасында 2 жылда 1 рет маммография жүргізу жолымен жүргізіледі); тоқ ішек обырының скринингі (ерлер мен әйелдер арасында 50 жастан 70 жасқа дейін 2 жылда 1 рет нәжістегі жасырын қанды анықтау жолымен жүргізіледі). Көрсетілген скринингтер тіркелген жері бойынша емханада немесе дәрігерлік амбулаторияда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кіреді.

Тегін скринингтен тіркелген медициналық ұйымға барып өтуге болады. Сүт безі скринингі, яғни маммография – сүт бездерін рентген сәулелерімен тексеру. Бұл қатерлі ісікті және сүт бездерінің басқа да ауруларын ерте анықтаудың тиімді әдістерінің бірі болып саналады. Тексерудің нәтижелерін  маммографияға жіберген учаскелік мейірбике айтады.

Жатыр мойны обыры – әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі. Тұрмысқа шығып, сәбилі болған кез келген әйел жатыр мойны обырымен ауыруы мүмкін. Ісік негізінен адамның папилломавирусынан пайда болады.

Тоқ ішек – аш ішектің соңы мен анальды канал арасындағы ішектің бөлігі, ол өз кезегінде соқыр, тоқ  және тік ішекке бөлінеді. Тоқ ішек қатерлі ісігі – әртүрлі факторлардың өзара әрекеттесуіне байланысты кезең-кезеңмен жүретін процесс. Бұл қатерлі ісік ауруының пайда болуы үшін кем дегенде бір жылға созылатын бірнеше факторлардың өзара әрекеттесуі қажет екенін білдіреді. Тоқ ішек қатерлі ісігін скринингтік тексеру – ісікті ерте кезеңдерде немесе оның пайда болуынан бұрын анықтауға мүмкіндік беретін тиімді әдіс.

Скринингтік тексеру қатерлі ісік ауруының алдын алуға көмектеседі. Скринингтік тексерулерге шағымдар пайда болғанға дейін, ісікті әлі де емдеуге болатын және дененің басқа бөліктеріне таралуын болдырмайтын кезеңдерде анықтау үшін бару керек.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

облыстық филиалының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp