«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІК ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық әкімдік мамандары «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «Халықтық қатысу бюджеті» жобасын іске асыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл жобаның мақсаты қала тұрғындарын бюджет процесіне тарту арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты әкімдік 2022 жылғы ақпанның 20-нан бастап наурыздың 10 күнін қоса есептегенде Петропавл қаласының тұрғындарынан мынадай санаттар бойынша өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады:

• аула ішіндегі аумақты асфальттау;

• аумақты жарықтандыру;

• балалар ойын алаңын және спорт тренажерларын орнату;

• аумақты көгалдандыру, апатты деп танылған ағаштарды кесу;

• тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;

• жалпы пайдалану орындарын (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және басқа нысандар) жөндеу және қайта жаңарту;

• санитарлық-эпидемиологиялық жайластыру (қоқыс контейнерлерін орнату және олар үшін орындарды жайластыру);

• жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған орындықтарды, урналарды, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу.

Қала тұрғындары қатысу шарттарымен, жобалық ұсыныстарды беру және өтінімдерді іріктеу тәртібімен «qalabizben.kz» порталы, сондай-ақ 36-29-24 немесе 109 телефондары арқылы таныса алады.

https://qyzyljarnews.kz/news/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp