«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода облыс орталығында бірнеше кездесулерге қатысып, ұжым мүшелерінің өтініш-тілектерін тыңдады. Сондай жүздесудің бірі фанер шығару комбинатында өтті. Қазір мұнда 150 адам еңбек етеді. Жылдық өнім шығару қуаттылығы 20 мың текше метрді құрайды.

Мәртебелі қонақтар былтыр іске қосылып, ішкі нарықты ламинатталған фанер  материалдарымен қамтамасыз ете бастаған зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып,  проблемалары мен даму болашағын бірлесіп талқылады. Халық қалаулылары «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы аясында елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, халық алдындағы міндеттемелердің орындалуы, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, республикалық, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын өңірлік жобалардың жүзеге асуы жайлы баяндап, тез арада шешуді қажет ететін басым бағыттарға тоқталды.

Ерлік Тайжанов Жамбыл ауданында тұрғындармен кездесіп, елді мекендердің тұрмысымен танысты. Кездесулерде білім беру, денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу, баспана кезегі, Пресновка – Баян ауылдары аралығындағы, Ресеймен шекаралас маңайдағы  жолдарды жөндеу мәселелері қозғалды.

Өңірлік жол картасының орындалу барысы қаралған аудандық партия бюросы отырысында сөйлеген сөзінде Ерлік Тайжанов күрделі проблемаларды шешу әркез басымдыққа ие екенін атап көрсетті. Благовещенка ауылында өсімдік майын шығаратын жаңғыртылған цехта, сондай-ақ дәрігерлік амбулаторияда болып, ұжыммен кездесті.

Дмитрий Колода «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдап, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, жер даулары, жұмысқа орналасу, тұрғын үй қатынастары, тағы басқа мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.

Петропавл үшін өзекті жайттың бірі – жеке сектор тұтынушыларына жылу шығындарын есептеу. Бұл проблема  бірнеше ай бұрын анықталса да, шешімін таппай келеді. Мәселенің анық-қанығына көз жеткізу мақсатымен бірнеше тұрғын қабылдауға арнайы келді. Халық қалаулысына Семей полигонында әскери қызмет атқарған  азамат та өз өтінішін айта келіпті

 Парламент Мәжілісінің депутаты заң дейгейінде араласуды талап ететін мәселелерді өз бақылауына алатын болды. «Толғақты  проблемалар аз емес. Ғабит Мүсірепов атындағы және Мағжан Жұмабаев аудандарынан шағымдар келіп түсуде. Көбі жер телімдеріне қатысты. Оларды заң аясында шешу қажет», – деді депутат арыз-шағымдарын айта келген хат иелеріне.

Ілияс СӘБДИНОВ,

«Nur Otan» облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp