«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында шаңғы жарысы өтті. Спорттық шара Борки кентіндегі спорт базасында ұйымдастырылды.

Спорттық мерекені полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров ашып, әуесқой спортшыларға сәттілік тіледі.Жарысқа аудандық полиция бөлімшелері, сондай-ақ облыстың күш құрылымдары қатысып, 17 команда өзара бақ сынасты. Қыздар – 1,5, ерлер 3 километр қашықтыққа жарысты.

Жарыс жолына бірінші болып қыздар шықты. Облыстық полиция департаментінің аға лейтенанты Татьяна Долбышева қашықтықы төрт минутта бағындырды. Екінші болып мәреге 6637 әскери бөлімінің қызметшісі, қатардағы жауынгер Оксана Борсай жетті. Қыздар арасында үшінші орынды Мамлют аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция аға лейтенанты Юлия Волошина иеленді.

Ерлер арасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери қызметшісі, кіші сержант Алексей Михеев үздік нәтиже көрсетті. Ұлттық ұлан академиясының өкілі Ердәулет Жанғали сәл кешігіп жетсе, үшінші орынды оның командаласы лейтенант Бақытжан Жанғулин алды.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp