«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАРДЫ КӨРКЕЙТУДІ ЖЕРГІЛІКТІ ШАРУАШЫЛЫҚТАР ҚОЛҒА АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жамбыл ауылының тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында жергілікті серіктестік жетекшілері осы уақыт аралығында атқарған шаруалары жайлы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір жетекшісі ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін жандардың көптен бері есеп беру кездесулерін ұйымдастырмағанын атап өтті. Жиында елді мекен тұрғындары ауылды дамыту жоспарларын сұрастырды.

-«Алисарай» ЖШС жыл соңында сүт фермасын іске қосады. Нәтижесінде, 25 ауыл тұрғыны жұмысқа тұрады. Сондай-ақ аталған шаруашылық медициналық қосын мен кітапхананы жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындамақ ниетте. Ал «Атамекен-агро» серіктестігі болса, мектепті жаңартып, тұрғын үйлерге ауыз су тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасайтын болады, — деді Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы құрылымдарының міндеттемелері қол қойылған меморандумда бекітілгенін, әрбір тармақтың тиісінше орындалуы ерекше бақылауда болатынын атап өтті.

https://qyzyljarnews.kz/news/Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жамбыл ауылының тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында жергілікті серіктестік жетекшілері осы уақыт аралығында атқарған шаруалары жайлы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір жетекшісі ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін жандардың көптен бері есеп беру кездесулерін ұйымдастырмағанын атап өтті. Жиында елді мекен тұрғындары ауылды дамыту жоспарларын сұрастырды.

-«Алисарай» ЖШС жыл соңында сүт фермасын іске қосады. Нәтижесінде, 25 ауыл тұрғыны жұмысқа тұрады. Сондай-ақ аталған шаруашылық медициналық қосын мен кітапхананы жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындамақ ниетте. Ал «Атамекен-агро» серіктестігі болса, мектепті жаңартып, тұрғын үйлерге ауыз су тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасайтын болады, — деді Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы құрылымдарының міндеттемелері қол қойылған меморандумда бекітілгенін, әрбір тармақтың тиісінше орындалуы ерекше бақылауда болатынын атап өтті.

https://qyzyljarnews.kz/news/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp