Биылдыққа алғашқы оффлайн форматтағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті,-деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығының басшысы Болат Жұмабековтің айтуынша, қалада кадр тапшылығы мәселесі өзекті.
-Қаладағы құрылыс компаниялары, коммуналдық кәсіпорындарға жұмыс күші керек. Жұмыс берушілер жастар мен студенттерге жақсы жалақы төлеп, оларға білмегендерін үйретуге әзір,-деп жазды Болат Жұмабеков өзінің Facebook-тағы парақшасында.
Сонымен қатар, студенттерді құрылысқа тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.75 өрен жаз айларында құрылыста жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр. Жалпы, 16 мекеме қатысқан шарада келушілердің назарына 1000-нан астам бос жұмыс орыны ұсынылды.
https://qyzyljarnews.kz/news/