«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 28, 2022

ТҰРҒЫНДАРЫ ТҮГЕЛ ЕКПЕ АЛҒАН елді мекенде 11 көшенің атауы өзгертілмек

Мамлют ауданында әкімдердің есеп беру кездесулері биыл пандемияға байланысты онлайн режімде өтуде. Жақында Мам­лютка қаласының әкімі Еркін Самарханұлы халықпен бейнебайланыс арқылы жүздесіп, атқарған жұмысы туралы есеп беріп, 2022 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар жайлы айтты.

СОТТЫҢ ҚУАТЫ – СЕНІМ МЕН ҚОЛДАУ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша есеп берілді. Облыстық соттың төрағасы Ербол Жанғазиннің айтуынша, еліміздің сот жүйесі жылды нақты істермен, жаңа жобалармен қорытындылаған. Жекелей алғанда бюджетке, зейнатақы қорына, жер мәселелеріне, рақымшылық жасауға, сайлауға қатысты заңнамаларға түзетулер енгізілді.

Құндылықтар қайнары

Әлеуметтік желі дамыған сайын әдебиетке, кітап оқуға деген қызығушылық бәсеңдеп, жеңіл-желпі дүниелерге құмарлық артып бара жатқаны кітапханашыларды да алаңдатып отыр. Әлеуметтік желілерге қарсы мәдениет қалыптастырудың, әдеби ортаның бәсекелестік қарым-қабілетін арттырудың, оқырман талғамын қалыптастырудың бірден-бір ошағы – кітапхана.

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АДАЛДЫҚ ҚАНА АУЫЗДЫҚТАЙДЫ

Есімі қазақ тарихында “Хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы”, “Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би” деген нақылдарға арқау болған, өз заманында Шыңғыс хан қағанатының заң-ережелерін бекіттіріп берген жарғышы – Майқы би кісі ақысын жегендер жайында “Мал ұрласа, үш тоғыз айыбымен, толықтап малдың басын көтереді”, – депті. Бұл – әділдікті ту еткен …

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АДАЛДЫҚ ҚАНА АУЫЗДЫҚТАЙДЫ Read More »

Солақай саясат құрбандары

Тәуелсіздік жылдары тарих жыл­на­масына “ақтаңдақ” деген атпен өш­пес­тей жазылып қалған трагедиялық кезеңдерге қатысты ауқымды жұмыс­тар атқарылып, әділеттік біршама қал­пына келтірілгенімен, архив сөреле­рінде қозғаусыз жатқан көптеген де­рек­тер ғылыми айналымға түсе қой­ған жоқ. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ға­сырдың 30-шы жылдары аралығын­да Қазақстан аумағында 370-тен астам көтерілістің тұтануына негізінен сол кездегі билік жүйесінің қате саяса­тынан туындаған ашаршылық …

Солақай саясат құрбандары Read More »

АЗАМАТ АСУЫ

Абай Қабатайұлы Байгенжиннің қызметтік мәртебелерін, атақ­тары мен наградаларын қысқаша санамалап шығудың өзі біраз уақытты алған болар еді. “Ұлттық ғылыми медициналық орталық” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы ең негізгілерін атап өтер болсақ, ол – медицина ғылымдарының докторы, Еуропа жаратылыстану акаде­миясының толық мүшесі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының комитет төралқасының мүшесі, “Барыс” және “Парасат” орден­дерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген …

АЗАМАТ АСУЫ Read More »

БОКС – МЕНІҢ ӨМІРІМ

Әлемдік кәсіпқой бокста қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қатары қалыңдап келеді. Бұрын тек Геннадий Головкиннің жеңісіне ғана қуанып жүрсек, бүгінде шаршы алаңда жеңілу дегенді білмейтін жігіттер баршылық. Солардың қатарында Петропавл қаласының 22 жастағы тумасы Евгений Павловты айтуға болады. Жақында “WBA International” нұсқасы бойынша әлем чемпионымен жолығып, сұхбаттасқан едік.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КӨЛІКТІҢ 7 МАРКАСЫН ТАҢДАЙ АЛАДЫ

Қазақстандықтар 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында көліктің 7 түрлі маркасына тиесілі 24 түрін сатып алуға болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҮТ ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Облыста 2019 жылданбастап «Қарапайымзаттарэкономикасы» бағдарламасыжүзегеасырылыпкеледі. Мемлекеттікбағдарламаотандықкәсіпкерлердіқолдауғабағытталған. Осы күнгедейінжалпысомасы 62 миллиард теңге болатын 191 жобақаржыландырылды. Мемлекеттің қолдауын «ЭкоМол Сергеевка» серіктестігі де пайдаланып, сүт зауытын ашқан.  Бүгінде мұнда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ДАЙЫНБЫЗ

Адамдардың санасында өзгеріс болған кезде қоғам да дамудың жаңа жолына түседі. Бұл – тарихи дәлелденген жағдай. Қазіргі дамыған мемлекеттердің бәрі дерлік осы үрдісті бастан өткерген. Әр тұрғынның жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік сезімі лаулап тұрған мемлекет қана жалпақ әлемді аузына қарата алады, ғылым мен білім дамыған елдер ғана озады. Сондықтан әрбір қазақстандық өзгеріске дайын болуы тиіс.

Әлеуметтік міндеттемелер орындалуы тиіс

Есіл ауданына қарасты Амангелді ауылдық округінің тұрғындары көптен бері жол, сапалы интернет, таза ауызсу зардабын тартып келеді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов  осы елді мекенде болып, тұрғындармен кездесті. Жиын барысында округ аумағында жұмыс істейтін қос серіктестіктің басшылары ауылды көтеру жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

ШАРУАШЫЛЫҚ БАСШЫЛАРЫ ЕСЕП БЕРУІ ТИІС

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болып, тұрғындармен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен кездесті. Жиында «Алисарай» мен «Атамекен Агро» серіктестіктерінің басшылары атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.