«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Интернат асханасы тексерілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Nur Otan” партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне адамдар түрлі мәселелермен жүгініп жатады. Бұл жолы об­лыстық спортқа маманданды­рыл­ған мектеп-интернат тәр­биеленушілерінің бірінің анасы шағым айта келіпті. Ол ин­тернаттағы тамақ сапасы­ның көңіл көншітпейтінін қын­жыла жеткізді.

Осыған орай отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қор­ғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері аталмыш меке­меге барып, асхана жұмысына мо­ниторинг жүргізді. Асхана таза, жылы және жайлы, қызметкерлер сыпайы. Мектеп басшылығына анықталған бірқатар кемшіліктерді жойып, құжаттарды ретке келтіру, балалардың тамақтану кестесін қайта қарау ұсынылды.

Біз облыстық мамандандырыл­ған мектеп-интернатты аралап, оқу-әдістемелік жұмыс, жатын жағдайлармен де таныстық. Меке­ме 1997 жылы құрылған, спортта дарынды балаларды қабылдай­ды. 200-ден астам тәрбиеленуші грек-рим күресі, еркін күрес, әйел­дер күресі, велоспорт, шаңғы жа­рысы, бокс, дзюдо, көркем гимнас­тика және жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерімен айналысып, жүйелі түрде жаттығады. Биік бе­лестерді бағындырғаны үшін олим­пиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінің 73 тәрбие­ленушісіне спорт шебері, 22 тәр­биеленушіге халықаралық дәре­же­дегі спорт шебері атағы беріл­ген. Шын мәнінде, өңір спорт­шы­ларының ұстаханасы екеніне көз жеткіздік.

Ата-аналар да ұл-қыздарының спортпен үзбей шұғылданып, жо­ғары нәтижелерге жетуіне мүд­делі. “Ас – адамның арқауы” де­мек­­ші, дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі. Біз ата-аналардың тарапынан айтылған басқа да арыз-шағымды тексеріп, олқы­лық­тардың тез арада жойылуына белсенді түрде атсалысатын бо­ламыз.

Елена ЛЕВИНА,

облыстық мәслихаттың депутаты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp