«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

КӘСІБІНЕ ҚАРАЙ НӘСІБІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдық Күләш Татаева – аяқ киім өндірісін жолға қойған кәсіпкерлердің бірі. Ол Шымкент қаласының тумасы. Жұбайы екеуі 2000 жылы Қызылжар өңіріне қоныс аударыпты.

– Қазақстанның солтүстігінде кәсіпті дөңгелетіп әкетуге мүмкіндік зор. Сол себепті Петропавлға көшіп келуге бел байладық. Бастапқыда жұбайым екеуміз Ресейден арнайы киім мен аяқ киім алдыртып, тауарларды сатып жүрдік. Осы уақыт аралығында Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан тұрақты тұтынушыларымыз пайда бола бастады. Кейін “неге өзімізге аяқ киім өндірісімен айналыспасқа?” деген ой келді. “Еңбек етсең ерінбей – тояды қарның тіленбей” демекші, қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, аяқ киім өндірісін бастадық, – дейді Күләш Татаева.

Кәсіпкер 2018 жылдың қыркүйек айында “Даму” қорына жүгініп, қажетті құрал-жабдық сатып алу үшін несие рәсімдеген.

– Мемлекеттік қолдаудың арқасында біз автоматтандырылған техника сатып алдық. Кәсіпті бастау үшін өз қалтамыздан да біраз қаражат жұмсағанымыз рас. 2019 жылы алғашқы қысқы аяқ киімізді шығардық, – дейді іскер жан.

Кәсіптен нәсіп тауып отырған отбасы былтыр 6 мың жұп аяқкиім тіккен. Биыл көрсеткішті 10 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл цехта 15 адам жұмыс істейді, орташа жалақысы – 150 мың теңге.

Ісін одан әрі дамыту үшін солтүстікқазақстандық кәсіпкер тағы бір мәрте “Даму” қорына жүгініп, “Бизнестің жол картасы” бағдарламасы аясында қосымша несие алды.

– Біз өнім түрлерін жыл сайын арттырып отырамыз. Бастапқыда аяқ киімнің 6 түрін шығарсақ, бүгінде бұл көрсеткіш 15-ке жетіп отыр. Ендігі кезекте өндірістік цехты кеңейтуді жоспарлаудамыз. Сонымен қатар жазғы аяқ киім шығару да ойымызда бар. Қазірдің өзінде ерлер мен әйелдер, сондай-ақ жасөспірімдердің аяқкиімдеріне арналған формаларға тапсырыс беріп қойдық. Ассортиментті 30-ға дейін көбейтпекпіз, – дейді Күләш Татаева.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp