«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ЖАСТАР МЕН ҚАБІЛЕТТІ КАДРЛАРҒА ЖОЛ БЕРМЕУІМІЗ – ҮЛКЕН КЕМШІЛІГІМІЗ»

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде партия кадрлар ұстаханасына айналып, сайлаушылармен жұмыс істей алатын қазіргі заман саясаткерлерін және мемлекеттік қызметшілерді даярлауы тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия жанындағы саяси менеджмент академиясының жұмысын күшейту қажеттігін баса айтты.

-Ашығын айтсақ, бүгінде бізде саяси менеджерлерді даярлау ісі ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар түрлі мамандық иелерімен, жастармен, журналистермен, халқымыздың барлық өкілімен сөйлесе білуі тиіс. Және де мұндай адамдар бізде аз емес. Бір ғана проблема – ол әлеуметтік лифтінің жоқтығы. Біз жастар мен қабілетті кадрларға жол бермейміз және бұл біздің үлкен кемшілігіміз, — деді Президент партияның кезектен тыс съезінде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp